Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

4 Тамыз 2021, 09:25
2975
Бөлісу:
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. 

Бұл ақпаратты облыстың баспасөз қызметі растады.

Ұлан Жазылбек 1962 жылғы 17 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. 

1984 Алматы сәулет-құрылыс институтын, 2009 Д. Қонаев атындағы университетті аяқтаған.

1984-1991 жылдары ТББ бесінші разряд бақылаушысы, монтаж учаскесінің шебері, монтаж учаскесінің прорабы, монтаж учаскесінің аға прорабы, Алматы үй құрылысы комбинаты, Алматы қ.

1992-1996 жылдар Коммерциялық директор, «АЕК ЛТД»ЖШС, Алматы қ.

1996-2001 жылдары бас директордың құрылыс жөніндегі орынбасары, «TYMSON Co.LTD» ЖШС, Алматы қ.

2001-2005 жылдары директордың құрылыс жөніндегі орынбасары, «Localcompany»ЖШС, Алматы қ.

2005-2006 жылдары Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің Бақылау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Алматы қ.

2006 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы қ.

2006 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, Алматы қ.

2006-2008 жылдары Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, Алматы қ.

2009-2009 жылдары «Қорғас» ШЫХО АҚ Инвестициялық жобалардың мониторингін бағалау департаментінің директоры», Алматы қ.

2009-2010 жылдары «Қорғас» ШЫХО АҚ Күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу департаментінің директоры, Алматы қ.

2010 жылы «Қорғас-сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы, Алматы облысы

2010-2011жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу департаментінің директоры, Алматы облысы

2011-2012 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Алматы қ.

2012-2013 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қ.

2013 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, Алматы қ.

2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының, Астана қ.

2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің   директоры, Астана қ.

2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің Құрылыс және ТҚШ саласын дамыту департаментінің директоры, Астана қ.

2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 21 мамырда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы