10 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек үшем босанды

4 Тамыз 2021, 16:50
3492
Бөлісу:
10 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек үшем босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үшем Шымкент қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді. 

Қала тұрғыны Жанна Мелдешова жүктіліктің 34-аптасында Айым, Рахат, Аяла, есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Шақалақтар 28 шілде күні туған. Анасы мен балалардың қазіргі денсаулығы жақсы. 

Үшемнің анасы тұңғышын 2010 жылы туған. Сол уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, жүкті болуды ұзақ жылдар бойы жоспарлап жүріпті. Осылайша ерлі-зайыптылардың он жылдан бері бала сүйгісі келген армандары орындалып, бірден үш перзентті дүниеге әкелді.   

10 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек үшем босанды

Мерзімінен бұрын толғағы басталған жүкті келіншек пен үш шақалақтың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер кесарь тілігін жасап, операция арқылы сәтті босандырып алды. Дүниеге екі қыз, бір ұл бала келді. Барлығының да салмағы екі келіден асады, -  дейді мамандар.  

10 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек үшем босанды

Үшемдерге перинаталдық орталықтың неонатологтары ерекше күтім жасады. Білікті медицина мамандарының қарауында болған шақалақтардың бір апта ішінде денсаулықтары оңалып, анасымен бірге үйіне шығарылды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 19 797 сәби дүние есігін ашқан. Олардың 135-і егіз болса, төртеуі үшем.

Өзгелердің жаңалығы