Украина. Белгісіз біреу Министрлер кабинетінің ғимаратын жарып жібермекші

Украина. Белгісіз біреу Министрлер кабинетінің ғимаратын жарып жібермекші
VIDEO
1055

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам Украина Министрлер кабинетінің ғимаратында граната жарып жіберемін деп қорқытуда.

Қолында граната бар агрессивті ер адам ғимаратқа кіріп,  жарып жіберемін деп қорқытуда. Ол бұл жерден тірі шықпайтынын айтқан. Бұл туралы «Известия» хабарлады.


ТАСС-тың мәліметтері бойынша, қызметкерлер қауіп-қатерге байланысты эвакуацияланды.

Life Shot атап өткендей, ер адам бұрын Донбаста соғысқан, «Айдар» батальонында сапер болған.

Арнайы жасақ ғимаратқа басып кіруге дайындалып жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы