Инфекционист індеттен «кетіп жатқан» науқастардың көбеюіне қатысты дабыл қақты

4 Тамыз 2021, 17:31
3718
Бөлісу:
Инфекционист індеттен «кетіп жатқан» науқастардың көбеюіне қатысты  дабыл қақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева айтты.

Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз - 5 қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Олар біреудің ата-анасы, біреудің баласы, - деді ол.

Атығаева айтқандай, балалар арасында да жансақтау бөлімінде жатқандар бар.

Қалада 1 жасқа дейін, мектеп жасына дейін ӨЖА-ға қосылып, жансақтау бөлімінде жатқандар бар. Біз 65 жастан жоғары адамдардың өліміне де үйреніп кеттік. Олар да еңбекке қабілетті, қажырлы адамдар. 60-тан астан адамдардың кетіп жатқанына да ет үйренді. Себебі қазір бізге жансақтау бөлімдерінде 20-25 жастағы жастардың кетіп жатқанын көру өте қорқынышты. Балаларды да вирус жалмап жатыр. Сондықтан күнде 5 қабатты үйдің тұрғындарын жоғалтпау үшін вакцина алу керек, - деді Сәуле Атығаева.

Өзгелердің жаңалығы