Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде жарылыс болды

4 Тамыз 2021, 21:49
3018
Бөлісу:
Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жеке тұрғын үйді табиғи газға қосу кезінде жарылыс болды.

Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. 

Салдарынан үй егесі мен «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының екі жұмысшысын күйік шалып, ауруханаға түсті. Науқастардың жағдайы орта дәрежеде дейді дәрігерлер. Үй шығындарын мердігер мекеме өз мойнына алды. Жұмысшыларға да кәсіпорын тарапынан көмек көрсетіледі. Ал оқиғаның нақты себебі казір анықталып жатыр. 

Қазіргі таңда ішкі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелер өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Ешқандай болжам жоқ. Анықтау жұмыстары жүрзілісін, сосын барып нәтижесін айтатын боламыз.  Екі жұмысшымызға толықтай аяғынан тұрып кеткенше дәрі-дәрмегіне, қажеттілігіне жәрлемімізді береміз. Айта кетейік, Жалағаш ауданын газдандыру жумыстары шілде айында басталды. Қазір 100-ден астам отбасы көгілдір отын игілігін көріп отыр, - дейді «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК директорының міндетін атқарушы Абзал Шәуенов. 



Өзгелердің жаңалығы