Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

4 Тамыз 2021, 13:01
2395
Бөлісу:
Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 тамызда Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрт салдарынан эвакуацияланды. 

Өрттің алдын ала себебі тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы, – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

04 сағат 28 минутта Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды. Нәтижесінде баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өрт 20 минут ішінде жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД-нің 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз! Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.
Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

Өзгелердің жаңалығы