Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдықтар вакцинациялау орталығына таксимен тегін жете алады. Осылайша билік тұрғындарды екпе жасауға ынталандыруға тырысуда.
Сондай-ақ иммундау курсын аяқтағандар үшін дүкендерде азық-түлікке жеңілдіктер қарастырылған. Жақын арада үкімет кинотеатрларға билет бағасын төмендетпекші.
Бүгінгі таңда Ұлыбритания халқының 90 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алған. Ал қыркүйектің басында ревакцинация бағдарламасы басталады деп күтілуде.