Қалыпты өмірге оралу үшін халықтың 80 пайызы вакцина алуы керек – Смағұл

4 Тамыз 2021, 17:01
3254
Бөлісу:
Қалыпты өмірге оралу үшін халықтың 80 пайызы вакцина алуы керек – Смағұл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Коронавирус індеті өміріміздің көп саласына әсер етті. Қалыпты өмірге оралу үшін біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек. Оған иммунизация арқылы ғана жетуге болады. Бүгінде ДДСҰ ұсынымы бойынша халықтың 80 пайызы вакцина алуы керек. Біз қазір осы бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек. Себебі қазір ол көрсеткіш 21 пайызды ғана құрап отыр, - деді ол.

Манар Смағұл атағандай, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, вакцина алу міндеттеліп отыр.

Ол белгілі бір тәртіптер мен заң аясында жүзеге асырылады. Қазақстан да өзге елдер сияқты иммундау процесін жеделдету керек. Сол кезде ғана біз жағдайдың тұрақталуын қамтамасыз етіп, аурудың одан әрі өршуін тоқтата аламыз, - деді «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары.


Өзгелердің жаңалығы