Все новости за 27 қазан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бокс. Бек Нұрмағамбет әлем чемпионатын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Халық санағы-2021. Түркістанда санақ аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының тұрғындары жалпы халық санағынан 98,6% өтіп, Республика бойынша алдыңғы қатарда. Сондай-ақ, облыс және Республика көлемінде де бірінші болып Түркістан қаласы санақты 100% аяқтап отыр.
-
СИМ жанармайға қатысты заң бұзушылықтарды бақылауға алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті қазақстандықтардың еліміздің ішкі нарығында бөлшек сауда пункттерінде сатылатын дизель отынының сапасына профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізетінін хабарлайды.
-
«Рақымжанның Қасымы...» драмасы сахналанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы С.Сейфуллин театрында дауылпаз жырдың дүлдүлі – Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған поэтикалық драма қойылды.
-
Министр: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясындағы бірқатар нысандарды аралады.
-
Астанада тұрғын үйлер жатақханаға айналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақхана болып қайта бейінделеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізді.
-
БҰҰ өкілдері еліміздің дін саласындағы саясатын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ Дін істері комитетінің төраға орынбасары Бауыржан Бәкіров БҰҰ Контртерроризм басқармасының (БҰҰ КТБ) өңірлік үйлестірушісі Мурад Тангиевпен кездесті.
-
Тоқаев: Маған берілген мәлімет бойынша, сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайыз
Бұл, шын мәнінде, тұтынушыларды алдау деген сөз. Мұндай өрескелдікті доғару керек. Үкіметке әкімшілік құрамды заңдық негізде бекітуді және бұндай заң бұзушылықтар үшін санкциялар белгілеуді тапсырамын.
-
Көшербаев: Ахметтей қайраткер қазақ даласында кемде кем
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев әуежайындағы әуе тасымалы тоқтап қалуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әуежайының үздіксіз қызмет етуіге қауіп төніп отыр. Қазіргі таңда әуе жанар-жағармайымен қамтамасыз ету ел бойвнша қиынға соғып отыр.
-
Жаңа қаулы. Бірқатар елдің вакцинация паспорты біздің елде жарамды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясов Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын анықтамаларын тану туралы қаулыға қол қойды.
-
Бабақұмаров мектеп психологтарының біліктілігін арттыруды жеделдетуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кәмелетке толмағандармен жұмыс мәселелері жөніндегі жедел әрекет ету штабының отырысын онлайн форматта өткізді.
-
Ресей азаматы төрт жылдан бері елімізден зейнетақы алып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха қаласында төрт жыл бойы қазақстанның зейнетақысын алып жүрген Ресей Федерациясының азаматшасын анықтады.
-
Тоқаев Атырау облысы әкімін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Футбол: Тихонов пен Тигранға жаза тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті деп хабарлайды aladop.kz.
-
Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Polisia.kz.
-
2025 жылға дейін елімізде 40-қа жуық медициналық мекеме бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Medtech» медициналық техникалар бойынша Бірінші Халықаралық форумда айтты. Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары жаңадан бой көтерген ауруханаларды жабдықтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетіндігін алға тартты.
-
Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Корея Республикасының елшілігінде коронавируспен күреске бағытталған кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтті.
-
Тоғжанов: Отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар шығаруға әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Medtech» медициналық техникалар бойынша Бірінші халықаралық форумда хабарлады.
-
Алматыда Абай өлеңдерін үздік оқыған өзге ұлт өкілдері марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Республикалық Абай өлеңдерін мемлекеттік тілде оқу челленджінің марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
2 адам қаза болды: Жамбыл облысында ішімдік ішкендер пышақтасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында бір топ адам бірлесіп ішімдік ішіп, салдарынан бірін-бірі пышақтап тастаған.
-
Пәтер ұрлығы: Ұрылардан қалай сақтану керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Құдияр Нұрсейітов пәтер ұрлығы тақырыбы төңірегінде сұхбат берді. Ол ұрылардың қандай қандай тәсілдерді жиі қолданатыны туралы айтып берді.
-
Қостанай автозауытында 150 мыңыншы автокөлік шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты.
-
БАӘ-мен ынтымақтастық электр энергетикасына жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді – мәжілісмен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтиды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов екі ел арасындағы келісімге қатысты өзінің пікірін айтты.
-
Алматы облысында «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеті өтті
Алматы, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бүгін Талдықорған қаласында «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өтті.
-
Адамзат климаттың өзгеруіне толық тосқауыл қоя алмайды – ректор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Фестивальдің екінші күні университет ректорлары Орталық Азия мен Кавказ елдерінің университеттері бәсекеге қабілетті ме және олар әлемге әйгілі университеттер арасындағы рейтингте өзінің лайықты орнын қалай ала алатынын талқылады.
-
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елімізге жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан әскери әуе кемесі Ураина астанасы – Киевтен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгер Өксікбай Бозарбаевтың мәйітін туған жеріне алып келді, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
БАӘ-мен келісім жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту біздің елімізге тиімді екенін айтты. Өйткені, ол жаңа кәсіпорындардың ашылуына, озық технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.
-
Шығыс Қазақстан облысында туристік кешен салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
-
Қазақ-араб бірлескен энергетикалық холдингі құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директор Ернар Жанәділ Ернар Жанәділ Араб әмірліктерімен бірлесе салынатын холдингтің қандай болатынын айтты.
-
Ашқан дүкенім пандемия салдарынан екі күннен соң жабылды – жас кәсіпкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде кәсіп түрі көп. Бірақ отандық өнімнің жөні бөлек. Кейіпкеріміз көлігіне ұлттық нақыштағы чехол іздеп, таппай шаршағаннан кейін өзі тігіп алуға бел буған. Оған дейін тігін машинасын қолына ұстап көрмеген ол қиындықтан қашпай, өз ісін бастап кеткен. Бүгінде жас кәсіпкер Дамыс Болатхан елордада трансформен-сумка тігумен айналысып, ұлттық брендті қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
-
Азаматтардың көбі жұмыста. Елордада қанша адам санақтан өтті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қалалық әкімдіктің брифингінде айтты.
-
Алдағы үш күннің ауа райы құбылмалы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2021 жылдың 28-30 қазанына арналған ауа-райы болжамын «Қазгидромет» РМК ұсынды.
-
Елімізде ауаға шығарылатын зиянды заттар көлемі өсіп келе жатыр – Серікқали Брекешев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
-
Қазақстан кәсіпкер әйелдер үлесі бойынша әлемде екінші орында
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың 43 пайызы әйелдер. Бұл туралы «Даму» қорының мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
-
Алдағы 40 жыл ішінде көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд доллар жұмсалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
-
Энергетика саласына қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев энергетика саласына қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі туралы айтып берді.
-
Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасының жобасы әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
-
Серікқали Брекешев көміртекті бейтараптыққа көшу мәселесіндегі басты мақсатты айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Көміртекті бейтараптыққа көшу мәселелері» тақырыбындағы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.
-
Елордада көрнекті мажар ғалымы Армин Вамбериге арналған конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі Академиясы Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция өткізді.
-
Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының Субөңірлік үйлестірушісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстандағы миссияның басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесуі өтті.
-
2020 жылы пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлікті қолдау үшін 19,5 мың жобаға субсидия берілген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметі бекіткен дағдарысқа қарсы шаралар пакеті мен экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге «Даму» қоры арқылы 826 млрд теңге болатын 19,5 мың жобаға субсидия берілген. Берілген субсидия шамамен 17 млрд теңгені құрайды.
-
Бір параққа сыятын бұйрықпен қалай қысқартпақсыздар? – Депутат күріш алқабы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға күріш алқабына қатысты сауал жолдады.
-
Депутат дәрігерлерге төленетін үстемақыны қайтаруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Раманқұлов Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа медициналық қызметкерлерге төленетін үстемақыға қатысты сауал жолдады.
-
Өзбекстанда қазақ тілінде 30 жыл шығып келе жатқан газетке Үкімет қолдау көрсетіп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының құрылуына арналған шараға онлайн қатысқан Өзбекстандағы «Нұрлы жол» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Райхан Бабатаева айтты.
-
Нұртөре Жүсіп жаңадан құрылған Қауымдастықтың төрағасы болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отандастар» қоры жанынан құрылған Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының төрағасы болып Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп сайланды.
-
Биыл Алматыда 1 291 бизнес-жоба субсидияланды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда кәсіпкерлікті табысты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Карантин аясында ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бұрынғыдан да өзекті. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
-
Нығматулин: Омбудсмен институтын нығайтуда маңызды қадам жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омбудсмен туралы заң жобасы Президент бастамашы болған саяси реформа аясында әзірленді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерін мақұлдау барысында айтылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
«ҚазАқпарат» басшысы шетелдегі қазақ баспасөзі сайтын ашу мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы Елдос Нәшірәлі Шетелде қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының құрылуына арналған шарада айтты.
-
Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мәлім етті.
-
Ит пен мысықты серуендету ережесін бұзғандарға 30 мың теңгедей айыппұл салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
-
Жануарларды қатыгездікпен өлтіргендерге 600 мың теңгедей айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
-
«Startup Bolashaq» жобасында ауқымды өзгерістер болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» инвестициялық қорының басқарушы серіктесі Қаныш Тілеушін мәлімдеді.
-
Алматыда Мұқағали Мақатаевтың муралы пайда болды
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев көшесі бойында ақынның муралы бой көтерді.
-
Жануарларға қатысты заң. Ұлттық спорттың тағдыры қалай болады? – Бекболат Тілеухан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның жобасы талқыланды.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауының 5-ші маусымы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес төрағасы Алмас Құдайберген мәлім етті.
-
Тағы да құрғақшылық, суы тартылған өзендер. Министрліктің ұстанымы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы уақыттарда су мәселесі өршіп тұр. Бірнеше өңірде су деңгейі төмендеп, сарқылып жатқанын да көріп отырмыз. Осы ретте өзендердің экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай жұмыс істеліп жатқанын осы салаға жауапты министрліктен сұрадық.
-
Нұртөре Жүсіп қандас әріптестерімен жанды байланыс орнату маңыздылығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Шетелде қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы құрылуына арналған шарада айтты.
-
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарау заңмен реттеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан Шетелде қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы құрылды.
-
Байменов: Астана мемлекеттік қызмет хабы - жаһандық платформаға айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» жылдық конференциясының ашылуы өтіп жатыр.
-
Елордада Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық акцияға елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сол сияқты белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар қатысты.
-
Елордада денсаулық сақтау бойынша халықаралық көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада EXPО халықаралық көрме орталығында Денсаулық сақтау бойынша Astana Zdorovie 2021 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.
-
«Қазгидромет» туристік аймақтарға үш автоматты метеорологиялық станция орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстанның туристік аймақтарына үш автоматты метеорологиялық станция (АМС) орнатты.
-
Мәжілісте «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңның жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
-
Қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды.
-
Санақ басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау шалынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағын өткізу кезінде азаматтармен шұғыл кері байланыс орнату мақсатында құрылған орталық өз жұмысын 8 қарашада аяқтайды.
-
ИИДМ басшысы Қырғызстан елшісімен транзит пен инфрақұрылымды дамыту жайын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті.
-
Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде ресімделе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қазақстанның сыртқы қарызы елдің барлық азаматтарының арасында бөлініп, әрбір кәмелетке толған адамға несие түрінде ресімделетіні туралы хабарлама таратылуда.
-
АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының кеңесшілері ковидке қарсы Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинасын 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға салуды жөн көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Сарқандықтар жүгеріден мол өнім алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жүгері өсіруге негізінен Панфилов ауданында басымдық беріледі.
-
Сапарбаев: Халықтың табысы мен тұрмысын жақсарту – басты міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте халықтың табысы мен тұрмысын жақсарту мәселесі қаралды.
-
Елде 7,3 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 27 қараша күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Елдің 5 өңірі «сары» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ мен пневмониядан 30 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 қазандағы ақпаратты жариялады.
-
2 052 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2 052 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
-
Елде індет жұқтырғандар саны 932 688 жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 551 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 932 688 жетті.
Наверх