Нұртөре Жүсіп қандас әріптестерімен жанды байланыс орнату маңыздылығын айтты

27 Қазан 2021, 11:53
5891
Бөлісу:
Нұртөре Жүсіп қандас әріптестерімен жанды байланыс орнату маңыздылығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Шетелде  қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы құрылуына арналған шарада айтты.

"Отандастар" қорының істеп жатқан жұмысын білеміз. Бүгін осындай  игі шара қолға алынып жатыр екен. Шетелдегі қандас ағайындардың көшіп келіп, ілкімді істерге қатысып жатқанына куә болып жатырмыз. Шет мемлекетте өмір сүріп жатқан қандастар Қазақстанды ата-жұртымыз деп,жаңалықтарын оқығысы келеді. Әрине,қазір ақпарат кеңістігі ашық. Әлемнің кез келген түкпіріне жедел ақпарат жеткізу, әлеуметтік желі арқылы еліміздегі болып жатқан жаңалықты білуден көп проблема туындамайды,- деді Жүсіп.

Депутат атап өткендей, кез келген мәселеде ақпарат ерекше рөл атқарады. 

Жаңа айтып отырған 80-нен астам қазақ тіліндегі ақпарат құралында істейтін әріптестеріміз өзінше өмір сүріп, әрекеттерін жасап жатыр. Ал Қазақстан өзіміздің ұлысымыз, еліміздің ақпарат кеңістігін кеңейту, әлемдегі қандастарымызбен байланысты нығайту, оны рухани жағынан байыту өте өзекті мәселе. Сондықтан шетелдегі қазақ тілді бұқаралық құралдарын басын біріктіру бастамасы көтеріліп жатыр,-деді Нұртөре Жүсіп.

Депутат ақпараттық кеңістікті байыту, әрітестер арасында жанды байланыс орнату бастамасына сәттілік тіледі. 

Ниетті ынтымақтастықта табысты жұмыс тілеймін,-деді ол.



Өзгелердің жаңалығы