Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты

27 Қазан 2021, 13:02
5775
Бөлісу:
Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мәлім етті.

Атаулы конференция Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасы Анар Жаилғанова, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериштің кіріспе сөзімен ашылды.

Ел Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен 2023 жылға дейін Астана мемлекеттік қызмет хабына институционалды қолдау туралы келісімін ұзартты. Осы мәселеге қатысты Қазақстан Үкіметінің, әсіресе Сыртқы істер министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жан-жақты қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Бұл тұрғыда БҰҰ даму бағдарламасының барлық ұйымы тарапынан баға жетпес қолдауға ие болып отырмыз, - дейді Әлихан Байманов елордада өтіп жатқан Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» атты жылдық конференциясында.

Сонымен қатар, Байменов осы тұрғыда үздіксіз білім мен тәжірибе алмасудың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

Тәжірибеші мамандар мен ғалымдардың өтініштері негізінде біз білім өнімдері, ең алдымен кейс-стадилер бағытында жұмысымызды күшейтеміз. Осыған орай, біз COVID-19-дың біздің мемлекеттердің жүйелеріне әсері туралы арнайы жаңа кітапты дайындауға бастамашылық жасап жатырмыз, - деді Әлихан Бәйменов.
Өзгелердің жаңалығы