Қостанай автозауытында 150 мыңыншы автокөлік шығарылды

27 Қазан 2021, 17:34
82880
Бөлісу:
Қостанай автозауытында 150 мыңыншы автокөлік шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром«» автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты.

Биылғы 9 айда «СарыарқаАвтоПром» 38 мыңнан астам автомобиль шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға артық. Пандемияға қарамастан, автозауыт жылына 60 мың автокөлік шығарып келеді.

Қостанай автозауытында 150 мыңыншы автокөлік шығарылды

Қостанай зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтердің өнімдерін шығарады.

Елдің ішкі нарығын қамтумен қатар, биыл отандық өндірістің 5 мыңнан астам көлігі Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, Өзбекстанға, Әзербайжан мен Беларус еліне экспортқа жіберілген.

Кәсіпорынның табыстары мен жетістіктері – зауыт ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олардың SAP University-де тұрақты негізде оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы