Депутат дәрігерлерге төленетін үстемақыны қайтаруды ұсынды

27 Қазан 2021, 13:51
26511
Бөлісу:
Депутат дәрігерлерге төленетін үстемақыны қайтаруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Раманқұлов Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа медициналық қызметкерлерге төленетін үстемақыға қатысты сауал жолдады.

Депутат атап өткендей, Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусты бақылауда ұстау қажеттілігіне назар аударды, атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне екпе қарқынын арттыруды және шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ол «Ақ жол» фракциясы вируспен алдыңғы қатарда күресіп жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қауіпті аймақтағы жұмыстары мемлекеттік органдар тарапынан бағаланбай отырғанын айтты.

Раманқұлов айтып өткендей, пандемиямен күрес кезінде жүздеген дәрігер қайтыс болды, адамдарды өз денсаулығына ғана емес, сонымен қатар жақындарының денсаулығына қауіп төндіру арқылы құтқарды. Өйткені олар ковидтік аймақтарда жұмыс істеп, вирустың тасымалдаушысы болды.

Тура бір жыл бұрын «Ақ жол» фракциясы депутаттық сауал жолдап, COVID-19 жұқтырған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне төленетін төлемдерді мәселесін талқылап, алып тастамауды көтерді. Керісінше, осының аясында дәрігерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетудің маңызы зор екенін атап өттік. Соған қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі төлемдерден бас тартып, оларды медициналық мекемелердің ковид аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақыға ауыстырды. Бірақ бір жыл өтпей-ақ тамыз айында бұл жәрдемақылар екі есе қысқартылды, ал 1 қазаннан бастап олар толығымен жойылды, - деп айтты Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов.

Ол атап өткендей, министрліктің мәліметіне сәйкес дәрігерлер мен медбикелерге үстемеақы орнына 7 мамандық және үш тәуекел дәрежесі бойынша қосымша төлемдер енгізіледі.

Дегенмен, медицина қызметкерлері әлі қандай қосымша төлемдерге құқылы болатынын білмей отыр. Дәрігерлер олардың көпшілігінің денсаулық сақтау саласында одан әрі жұмыс істеу туралы шешімі осыған байланысты екенін жасырмайды. Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ережелерде қосымша төлемдер ең лас және аз жалақы алатын жұмыстарды атқаратын медбикелерге қолданылмайтынына дәрігерлер алаңдаулы. Коронавирус жұқтырған және олармен тікелей байланыста болған науқастарды анықтауды жиі жүргізетін емхана қызметкерлеріне берілетін жәрдемақы туралы ештеңе айтылмаған, - дейді депутат.

Ол сөз сөзінде «Ақжол» фракциясы жоғары қауіпті науқастар аймағында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін бұрынғы деңгейден төмен емес тиісті жалақымен қамтамасыз етуді талап етіп отырғанын жеткізді.

Әйтпесе, бұл вируспен күресуге тек министрлер мен кәсіпкерлердің «қорқынышы» болып жүрген мониторинг топтары ғана қалуы мүмкін, - деп қорытындылады депутат сөзін.
Өзгелердің жаңалығы