Елімізде ауаға шығарылатын зиянды заттар көлемі өсіп келе жатыр – Серікқали Брекешев

27 Қазан 2021, 15:37
16153
Бөлісу:
Елімізде ауаға шығарылатын зиянды заттар көлемі өсіп келе жатыр – Серікқали Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

Климаттың өзгеруі және парниктік газдардың шығарындыларын азайту қажеттілігі ірі секторларды көміртексіздендіру арқылы әлемдік экономиканы дамыту бағытына трансформациялауға әкеледі. Париж келісімінің мақсатына жету үшін көптеген ел көміртегі бейтараптығы мақсаты жөнінде мәлімдеуде, - дейді ол.

Оның атап өтуінше, өз кезегінде жасыл қаржыландыруды дамыту және жасыл технологияларды, жобалар мен инновацияларды пайдалануды мемлекеттік қолдауды кеңейту мақсатқа қол жеткізуге өз пайдасын тигізеді.

Халықаралық қаржы институттары төмен көміртекті технологияларды дамытудың пайдасына көмірмен байланысты жобалардан толығымен бас тартты. Бұл көмір өнеркәсібі саласына қысым жасауға әкелуде. «CarbonTracker» талдау орталығының зерттеулеріне сәйкес, 2015 жылдан бері салынып жатқан көмір электр стансаларының саны дүние жүзінде 84%-ға азайған, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасының жобасы әзірленгенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы