Алдағы 40 жыл ішінде көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд доллар жұмсалады

27 Қазан 2021, 15:11
8171
Бөлісу:
Алдағы 40 жыл ішінде көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд доллар жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

Министр Серікқали Брекешевтің айтуынша, доктрина TIMES, CGE және System Dynamics сияқты ең жақсы озық модельдер арқылы нақты экономиканы модельдеу негізінде жасалған. Бұл ең аз инвестициялық шығындар және ең үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізу тұрғысынан Қазақстан экономикасын декарбонизациялаудың неғұрлым оңтайлы жолын айқындауға мүмкіндік береді.

2060 жылға қарай Қазақстан бүкіл экономика ауқымында нөлдік шығарындарылардың таза теңгеріміне қол жеткізеді. Олардың көп бөлігін болдырмауға болады, ал қалған еріксіз шығындар тікелей көздерде пайдаланылады, сақталады немесе өсімдіктер мен топыраққа сіңіп кетеді,- деді Серікқали Брекешев.

Сонымен бірге көрсеткіштер мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарды қамтамасыз ету тұтастай алғанда ұлттық шығындарға әсер ететін салалық саясатты реформалауды талап етеді. Есептеулер көрсеткендей бұл үшін 40 жыл ішінде төмен көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд АҚШ долл жұмсалуы тиіс.

Доктрина халықаралық инвесторларды қоса алғанда, мемлекеттік және жеке сектор үшін экономика дамуының ұзақ мерзімді бағдарына айналады. Айта кету керек, экономиканың әлеуметтік әділ трансформациясы және жаңа жұмыс орындарын құру Доктринаның ажырамас бөлігі.

Өзгелердің жаңалығы