Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарау заңмен реттеледі

27 Қазан 2021, 11:37
4973
Бөлісу:
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарау заңмен реттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жануарларды қорғауға бағытталған заңды азаматтық сектормен бірлесіп әзірлеуді тапсырған болатын.

Заң жобасының мақсаты – жануарларға қарауды құқықтық реттеу және оларға әзгілікті қарау. Заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясының, атап айтқанда, жануарларды ұстаудың моральдық және адамгершілігінің негізгі принциптерін қалыптастырады. Бұл принциптерді іске асыру үшін талаптар мен қағидаларды белгілеу арқылы осы құқықтық қатынастардың мемлекеттік реттеу механизмдері бекітілді, - деді министр.
Оның сөзінше, заңда жануарларды асырауға және тасымалдауға, өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу қарастырылған.
Заң жобасының бабы жануарларды жансыздандыру ережелеріне және өлексемен жұмыс істеуге арналған. Атап айтқанда, ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жануарларды жансыздандыру мүмкін болатын жағдайлар айқындалған. Одан бөлек, заң жобасында жекелеген санаттағы жануарларға қарау және асырау кезіндегі талаптар анықталған. Сондай-ақ осы саладағы қоғамдық бақылау институтын алаңдатушылық білдіретін азаматтармен және қоғамдық ұйымдармен толықтыру көзделген, - деп атап өтті Экология министрі Брекешев Мәжілісте.
Заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды. Иттерді төбелестіру, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, оларға уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау әрекеттері жатады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қабылдау барлық тіршілік иесіне адамгершілік пен ізгілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Бүгін біз жануарларды қорғау міндетін ғана шешіп қоймай, болашақ ұрпақ үшін вектор орнатамыз, - деп толықтырды Серікқали Брекешев.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдауға болады деп есептейтінін айтты.

Нәтижесінде депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Өзгелердің жаңалығы