Санақ басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау шалынған

27 Қазан 2021, 10:26
80264
Бөлісу:
Санақ басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау шалынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағын өткізу кезінде азаматтармен шұғыл кері байланыс орнату мақсатында құрылған орталық өз жұмысын 8 қарашада аяқтайды.

27 қазанға дейін орталық 58 455 қоңырауға жауап берген. Яғни, орташа есеппен күніне 1 045 азамат хабарласқан. Бір тәулікте қабылданған қоңыраулардың саны 1 851-ге дейін барған.

Тәулік бойы жұмыс істеу үшін байланыс орталығына санақ өткізу әдістемесі және шараға қатысты қолданылатын бағдарламаларға қатысты оқытылған мамандар мен қосымша қызметкерлер жұмылдырылды. Орталық операторлары үш ауысымда қызмет атқарды. Қоңыраулар тәулік бойы келіп түсуде: мәселен, 10 қыркүйекке қараған түні азаматтар сағат 4:44-ке дейін хабарласқан. Араға біраз ғана уақыт салып, таңғы 5:32-ден бастап қайта қоңырау шала бастаған.

Көбінесе байланыс орталығына жүгінген азаматтар sanaq.gov.kz сайтына тіркелу, арнайы кодты енгізу сауалдары бойынша хабарласты. Сондай-ақ, санақтан өткені туралы хабарламаны алу мерзімдері, халық санағының әдістемесіне қатысты сұрақтар да жиі түскен.


Өзгелердің жаңалығы