Қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны таныстырылды

27 Қазан 2021, 10:38
2303
Бөлісу:
Қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды. 

Бүгін жүлдегерлерге табысталатын медальдар дизайны жарияланды. 

Медальдың бетінде Олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 жазуы жазылған. 

Медальдың басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарымен өрнектелген. 

Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады. 

Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті сондай-ақ Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін наградалар дизайнын да ұсынған. 

Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Бейжің қаласында өтеді.


Өзгелердің жаңалығы