Елордада көрнекті мажар ғалымы Армин Вамбериге арналған конференция өтті

27 Қазан 2021, 14:49
13527
Бөлісу:
Елордада көрнекті мажар ғалымы Армин Вамбериге арналған конференция өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі Академиясы Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция өткізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстан Елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі Анико Денге, Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамильоғлы және Назарбаев Университетінің тарих, философия және дінтану кафедрасының доценттері Халит Акарджа мен Кертис Мерфи, сонымен қатар, дипломатиялық миссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, профессорлар мен студенттер қатысты.

Елордада көрнекті мажар ғалымы Армин Вамбериге арналған конференция өтті

Жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы шығарған Армин Вамберидің «Путешествие по Средней Азии» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Түркістан» сериясы аясында жарық көрген аталған еңбекте әйгілі саяхатшы Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениеті, этнографиясы мен географиясы туралы жазған.

Сонымен қатар, Армин Вамберидің өмірі мен қызметіне арналған көрме ұйымдастырылды. Ғалымнның өміріне арналған көрмені Мажарстан Ғылым Академиясынан арнайы шақырылған белгілі мажар түркітанушысы Давид Шомфаи таныстырды.

Елордада көрнекті мажар ғалымы Армин Вамбериге арналған конференция өтті

Айта кету керек, Армин Вамбери – мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі ретінде саналы ғұмырын ғылымға арнаған ғұлама ғалым. Ол тар жол тайғақ кешу сапарларда басын бәйгеге тігіп, Орта Азия елдеріне саяхат жасаған шоқтығы биік зерттеуші.

Ғұлама ғалымның бұдан өзге «Этнологиялық және этнографиялық тұрғыдан түрік нәсілдері», «Мажар және түрік-татар сөз келісімдері», «Ұйғыр тіліндегі ескерткішер мен Құтадғұ білік», «Түрк-татар тілдерінің этимологиялық сөздігі», «Мажарлардың шығу тегі» «Шайбанинаме – өзбек батырлық жыры», «Моңғолия мен Сібірдегі көне түркі жазбалары» деген ғылыми құнды еңбектері бар.

 


Өзгелердің жаңалығы