Азаматтардың көбі жұмыста. Елордада қанша адам санақтан өтті?

27 Қазан 2021, 15:57
42949
Бөлісу:
Азаматтардың көбі жұмыста. Елордада қанша адам санақтан өтті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қалалық әкімдіктің брифингінде айтты.

Қазан айында басталған халық санағына офлайн және онлайн қатысқан азаматтар саны 14 млн-нан асты. Елордада да санаққа қатысу қарқыны жоғары. Ірі қала болғандықтан, азаматтардың көбі жұмыста. Сондықтан ыңғайлы болуы үшін көбі онлайн форматта өтіп жатыр. Қазір қала тұрғынының 80 пайыздан астамы санақтан өткен. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Қазанның 30-ына дейін санақ жалғасады. Қаланың барлық жерінде Статистика департаменті мен волонтерлар жұмыс істеп жатыр, - деді Бектұрова.

Әкімнің орынбасары әлі де санақтан өтпеген азаматтарды санақтан өтуге шақырды.

Санақтан жақсы нәтиже шығару үшін барлық тұрғынды санақтан өтуге шақырамыз. Себебі бұл да бір парыз болып есептеледі. Санақтың сайтынан онлайн өтуге болады немесе келген еріктілер, интервьюлердің сұрағына жауап бере аласыз, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы