Все новости за 17 мамыр 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл көктемгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің ең алғашқысы Сарыарқа ауданында өтті. Мұнда жұртшылық азық-түлік өнімдерін нарық құнынан төмен бағамен сатып ала алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматыда жасанды шаш пен мұрт қойып көлік ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар 13 мамыр күні Медеу ауданындағы ауланың бірінен «Лексус» көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басқарма қоймаларында вакцина қоры жеткілікті.
-
Атырауда үй қызметшісі 56 млн теңге ақшаны ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан 2005-2006 жылдары туған жасөспірім ұл-қыздар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Алтайда арқар көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдағы сайын далада ақбөкендер төлдеп жатса, Алтайда арқар көбейіп келеді, деп жазды «Хабар 24».
-
Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов елімізде қызмет бабымен іс-сапарда жүрген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Николай Карпенков бастаған делегациямен кездесті.
-
Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Куба елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті.
-
Биыл 6 мың шаршы метрге жуық жол тегістелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын еліміздегі автомобиль жолдарында қысқы аяз бен көктемгі тасқын су салдарынан болған ақауларды жою мен қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылады.
-
Сарбаздардың жазғы оқу кезеңіне даярлығы аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесте ел әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
-
Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұлан жауынгерлері елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бірқатар мемлекет басшылары Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, Парламент төрағаларынан, Үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті.
-
Киік мәселесін шешу бойынша жұмыс тобы шұғыл іске кірісуі керек - Экология министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Ғалымдармен, экологтармен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешу жолдарын талқылады.
-
Шәукенова: Қазақстанның негізгі жеңісі – шектес мемлекеттермен шекарасын бекітіп алуында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалымен бірлесіп, онлайн форматта «Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
-
Өзімді жақсы сезініп тұрмын: Цой QazVac-тың екінші дозасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші компонентін алды.
-
Балаева Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен қайырымдылық және волонтерлік, гранттар туралы заң жобасының мәселелерін талқылады.
-
Аймағамбетов: Олар белсенді, креативті және еркін ойлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен, оқушылармен тікелей эфирде әңгімелесу үрдісін жалғастыратынын айтты.
-
Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының өтініші мен қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екенін ескере отырып, биыл осындай жайлы орындардың қатарын көбейту үшін ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз. Бұлжайлы Елорда әкімі Алтай Көлгінов жазды.
-
Әр ұстаз «Педагог мәртебесі туралы» Заңды білуі және қолдануы керек - Бимендина
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Холдингі президентінің кеңесшісі Асима Бимендина «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Алматы облысында 3 жасар қыз көлік терезесінен құлап кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Полиция департаменті кішкентай баланың көліктен құлау оқиғасын анықтап, көлік иесіне ескерту жасағандарын хабарлады.
-
Кеңес Ұлттық біліктілік тестілеу ережесін бұзған мұғалімдермен кездесу өткізді - Көптілеуова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 20 мамырда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін талқылады.
-
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: 1 балабақша, 3 мектеп басшысына тәртіптік шара қолданылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Биыл Қарулы күштер командалары 11 сайысқа қатысады – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Online-брифингінің кезекті шығарылымында алдағы "АрХО-2021" халықаралық Армия ойындарына қатысты сұрақтарға ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің офицері подполковник Руслан Достанов жауап береді.
-
Қосымша жұмысқа тарту, есептілік: Мұғалімдер қандай мәселемен жиі шағымданады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте Педагогтік әдеп жөніндегі кеңеске қандай шағымдар жиі түсетінін айтты.
-
Түрікменстаннан 256 қандасымыз көшіп келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 13 мамыр күні Түрікменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы – Болашақ – Жаңаөзен» бағыты бойынша еліміздің Жаңаөзен қаласына жеткізілді.
-
«Дизайн код» жобасы Тараз тынысын ашады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тереңнен тамыр тартқан тарихымен қатар, таңғажайып келбетімен талайдың таңдайын қақтырған Тараз қаласы енді тіптен құлпыра түспек.
-
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес қандай мәселені шешеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы айтып берді.
-
Мусин Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні. Осыған орай ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Бағдат Мусин кәсіп иелерін құттықтады.
-
Павлодар облысында 4 алимент ісі бойынша қарыз өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының жеке сот орындаушысы бір апта ішінде 4 алимент ісі бойынша қарыз өндіріп алды, деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасы.
-
Ауылда өз кәсібін ашқысы келетіндер көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы консультат-тренер Рауан Ерулан «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасы аясында өткен тренингте айтты.
-
17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні
Алматы, BAQ.KZ. 2005 жылдан бастап 17 мамыр күні Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні аталып өтіледі. 2021 жылы ол «Өзіңіздің артериялық қан қысымыңызды өлшеңіз, бақылаңыз, ұзақ өмір сүріңіз» ұранымен өтіп отыр. Негізгі идеясы – әр адам үнемі өзінің артериялық қан қысымын өлшеп отыруы тиіс.
-
Алматы маңында жеңіл көлік екі жүк көлігінің ортасында жаншылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды.
-
Ақмолалық оқушы өз өнертабысын патенттеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Асылхан Қали саусақ іздерін танитын ұрлыққа қарсы құрылғы ойлап тауып, өз өнертабысын патенттеді.
-
Коронавирус: Түркия қатаң локдаунды жеңілдетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия үш аптаға созылған қатаң локдаунды жеңілдетіп, бірқатар карантиндік шектеуді алып тастады.
-
Нұр-Сұлтанда Taza Alem-2021 жобасы бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Taza Alem-2021 жобасы экологиялық сенбіліктен басталды. Қорғалжын тас жолы бойына 50-ден астам көшет егілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордадағы төбелес салдарынан жасөспірім пышақ жарақатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы топпен болған төбелес салдарынан жасөспірім пышақ жарақатын алды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
ЖИТС құрбандарын еске алу мақсатында «Бәйтерек» қызыл түске боялды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 мамырда елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды. Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні.
-
Ashyq: 1 аптада Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 39 жолаушы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы 7 күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері «сары» мәртебесі бар 36 жолаушыны, «қызыл» мәртебесі бар 39 жолаушыны анықтады.
-
Ұлттық санақ жүргізу жөніндегі жұмыстарға 32 мыңнан астам адам тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары тартылады: жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс істей алатын адамдар қажет. Олардың жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды.
-
СҚО азаматы 9 жылдан кейін баласына алимент төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әйелімен ажырасқаннан кейін 9 жыл бойы баласын ұмытып, бағуға ақша төлемеген. Бұл туралы республикалық жеке сот орындаушылар палатасы хабарлады.
-
Мальдив аралдарына қатынайтын рейстер уақытша тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana Мальдив аралдарына қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты.
-
Ертіс арнасы қоқыс пен иесіз аулардан тазартылып жатыр
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында Ертіс өзенінің арнасын қоқыс пен иесіз аулардан тазартау жұмыстары басталды.
-
ІІМ Грузияға Әсел Айтпаеваның өлімін тергеуге мамандарды жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
-
«Әлем аруы-2021» байқауының жеңімпазы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық 26 жастағы Андре Меза (Andrea Meza) «Әлем аруы» атанды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
-
Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді? – Тоқаевтың хатшысы жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қалай жүріп жатыр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.
-
Тоқаев – 68. Әкесі есімін ағасының құрметіне қойған, Жириновскиймен бір мектепте оқыған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды.
-
Біз Олжас Сүлейменовпен мақтанамыз – Мырзатай Жолдасбекұлы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбекұлы көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтың 85 жылдығына арналған ғылыми конференцияда айтты.
-
Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
-
«Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасын іске қосып жатыр. Жоба Тәуелсіздікті қазақстандықтардың жеке өмір тарихы, сезімдері мен естеліктері арқылы әр қырынан қарастыру.
-
Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.
-
Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді.
-
Қазандағы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі бақылау күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.
-
Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленді – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.
-
АҚШ елшілігі ЛГБТ туына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше, 16 мамырда Қазақстандағы АҚШ елшілігі ғимаратында ЛГБТ-ның туы пайда болды. Әлеуметтік желілерде тараған фотоны қазақстандықтар қызу талқылап жатыр.
-
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.
-
Азаматтық алу. Қазақстан азаматы болу үшін қандай талап қойылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Ал азаматтық алу тәртібі қалай жүргізіледі? Азаматтық алуға қандай талап қойылады? Сонымен қатар азаматтық алғандардың статистикасы қанша? Осы және өзге де сұрақтарға ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Сабыржан Сейтжанов түсіндіріп берді.
-
Тоталитарлық жүйе кезінде қазақ тарихына қатысты бірқатар тақырыпты зерттеуге тыйым салынған - Арман Қабдешұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттіліктің пайда болу мәселесі тек саяси құрылымның пайда болуымен анықтала ма? Осы және өзге де сұраққа тарих ғылымдарының кандидаты Арман Қабдешұлы жауап берген еді.
-
Алматыда Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған конференция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениетттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.
-
Қарыздан құтылу үшін ағзамды сатудан басқа амал қалмады – көпбалалы ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Редакциямызға Айнаш Байгенже есімді көпбалалы ана хабарласты. Қарызға белшесінен батқанын, бүйрегін сатудан басқа амалы қалмағанын айтты. Кейіпкеріміз басына қандай іс түскенін өзі баяндап берді.
-
Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, 2021 жылдың Ұлттық санағын 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда.
-
1 844 938 адам КВИ-ға қарсы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамыр күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталық жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
-
Шымкент қаласы мен Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
COVID-19. 820 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 17 мамырдағы ақпаратты жариялады.
-
Киіктердің төлдеу кезеңі жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағындағы киік мекендейтін өңірлерде (10 облыс) ағымдағы мамыр айының соңына дейін жалғасатын киіктің төлдеу кезеңі басталды.
-
Қазақстанның жетістіктері және Канадамен ынтымақтастық талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар сериясы шеңберінде Канадада өткен онлайн-конференция барысында Қазақстанның қазіргі дамуы мен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
-
Қазақстандық спортшы қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) қазақстандық спортшы Николай Веретенников (8-3) пен америкалық Энтони Айви (6-4) арасында Fury Fighting лигасының чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Санақ кезінде қазақстандықтардан не туралы сұрайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады деп, хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
-
Таяу Шығыстағы қақтығыстан 57 бала қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың салдарынан 57 бала қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
-
1738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2089 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Наверх