Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты

17 Мамыр 2021, 19:53
1188
Бөлісу:
Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұлан жауынгерлері елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі хабарлады.

16 мамыр күні сағат 12.30 шамасында Елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің жасағына шұғыл хабарлама келді. Қалалық полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы таратқан ақпаратта екі жасар баланың жоғалғаны айтылған - делінген хабарламада.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Мадияр Тохтар, патрульші сарбаздар Жайық Рысқазы мен Ернұр Өмірбек хабарламаны алған бойда көрші жасақтарға да хабарлап, бірден іздеуге кіріседі. 

Іздеу жұмыстары ұзаққа созылмай, жарты сағатта қуанышты хабармен аяқталды. Баланың ата-анасы қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін Ұлттық ұлан әскери жасағына алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы