Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

17 Мамыр 2021, 19:23
2166
Бөлісу:
Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Ол Министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыс пысықталып отырғандығы және продакшндердің кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгерту жоспарланып отырғандығы туралы хабардар етті.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Шетелдің, ең алдымен өзіміз де танысқан Түркияның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, телехикаялардың идеологиялық мазмұны мен сапасын арттыру аспектілерінде тек киносериалдық өндіріс кешенінің барлық қатысушылары біріккенде ғана, яғни сценарист пен режиссерден бастап сыншы-рецензентке дейін, бұл салада едәуір нәтиже көрсетуіміз мүмкін. Бұл процесстерге киносыншылар институты қатыспай, қазақстандық телехикаялар мәдени периферияда қала бермек,- деді министр.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Кездесу барысында киносыншылар Қазақстандағы киносериалдық индустрияны дамыту саласына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телехикаялардың кәсіби орындалуы мен идеологиялық мазмұнының сапасын арттыру мақсатында сіздерді ынтымақтастыққа шақырады - деді Аида Балаева.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Іс-шараның соңында А. Балаева Министрлік телехикаялық өнім саласын дамыту мәселесі бойынша сындарлы ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.

Балаева қазақстандық телехикаяларды дамыту жолын айтты

Өзгелердің жаңалығы