Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

17 Мамыр 2021, 12:27
1852
Бөлісу:
Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, вакцинациялау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет орындарында, базарлар мен қаланың Сауда орындарында 200-ден астам егу пункті іске қосылған, сондай-ақ көшпелі пункттер де жұмыс істеп жатыр. Қаладағы 214 вакцина пунктінде 1 282 медицина қызметкерінен құралған 315 вакциналық бригада жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін 270 568 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 19 435-і құқыққорғау органы қызметкерлері, 27 мыңнан астам медицина қызметкері, тағы 20 мыңдай педагок вакцина алған. Оған қоса диспансерлік есепте тұрғандар мен студенттер, зейнеткерлер, 60 жастан асқан адамдар және қала тұрғындары өз еріктерімен вакцина салыдыруда, - деді ол.

Сонымен қатар ол 9 транш бойынша қалаға вакцинаның 302 985 дозасы жеткізілгенін айтты.

Жалпы көлем бойынша отандық QazVac вакцинасының бірінші траншы 3 мың дозаны құрайды, қытайлық Sinopharm вакцинасының алғашқы жеткізілімі 15 мың доза. Қалада бірінші компонент бойынша 37 417 доза, ал екінші компонент бойынша 78 444 доза бар, - деді Лаура Мырзағали.

Өзгелердің жаңалығы