Павлодар облысында 4 алимент ісі бойынша қарыз өндірілді

17 Мамыр 2021, 16:12
1438
Бөлісу:
Павлодар облысында 4 алимент ісі бойынша қарыз өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының жеке сот орындаушысы бір апта ішінде 4 алимент ісі бойынша қарыз өндіріп алды, деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасы.

Қарыздың жалпы сомасы 3 423 702 теңгені құрайды. Жеке сот орындаушы Тұрсынбек Ғаббасов бірінші іс бойынша қарызды өндіріп алуға мәжбүрлеу шараларын қабылдады және қарызды төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткен, - делінген хабарламада.

Алайда көп жағдайдағыдай, борышкер сот орындаушының сөзіне құлақ аспай, пәтердегі үлесінен айырылды. Сот орындаушы оны сатып, бірнеше жыл ішінде жиналған 1 358 079 теңге мөлшерінде алимент қарызды толығымен өндірді.

Тағы екі облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң, қарыздарын төлесе, төртіншісі көлігін жоғалтпау үшін 1 168 160 теңге алимент қарызын өтеген.

Өзгелердің жаңалығы