ЖИТС құрбандарын еске алу мақсатында «Бәйтерек» қызыл түске боялды

17 Мамыр 2021, 14:16
2775
Бөлісу:
ЖИТС құрбандарын еске алу мақсатында «Бәйтерек» қызыл түске боялды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 мамырда елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды. Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні. 

Айтулы датаға орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК 2021 жылғы 10 мамыр мен 16 мамыр аралығында қоғам назарын осы індетке аударуға бағытталған көптеген іс-шара ұйымдастырды. Сондай шараның бірі 16 мамырда елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды және «ҚТЖ ҰК» АҚ ғимаратында (Қонаев көшесі, 6) әлеуметтік бейнероликтер екі күн кешкі уақытта үздіксіз көрсетілді. 

ЖИТС құрбандарын еске алу мақсатында «Бәйтерек» қызыл түске боялды

Сонымен қатар қаланың көрікті жерлерінің бірі - Ботаникалық бақта ЖИТС құрбандарына арналып шырша отырғызылды. Ал АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсетілді. Осы шаралардың барлығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамның толерантты қарауына, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екендерін сезіндіреді. Сол себепті де биылғы акцияның ұраны #ОданАртықпын деп бекітілді. 

Жалпы мұндай атаулы дата алғаш рет 1983 жылы жарияланған. Әлемнің 115 еліндегі 1200 қоғамдық ұйым ұйымдастырған ең үлкен іс-шаралардың бірі болған. 

Қазір екінші жыл әлем назары CОVID-19 пандемиясына ауып отыр. Осы орайда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірі назардан тысқары қалмауы керек. Сондықтан осындай айтулы даталардың АИТВ-ның алдын алуға бағытталған біздің мамандарымыздың атқарып жатқан жұмысына оң әсер береді. АИТВ мен коронавирус инфекцияның одан әрі таралуына қарсы тұруға, эпидемиямен күресте күш біріктіруге, АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуға дайындықты көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болып отыр, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК директоры Сәбит Әбдірайымов.

Орталық басшысының айтуынша, соңғы жылдары қалада АИТВ-мен тіркелген науқастардың антиретровирустық терапиямен қамтылуы 75-тен 91%-ға дейін өскен.

Осы антиретровирустық терапияны енгізудің және науқастардың емделуге бейімділігінің арқасында қан вирусының репликациясын басуға болады, осылайша адам өзінің жыныстық серіктесіне жұқтыра алмайды. Тіпті тіркеуде тұрған аналарымыз сау сәби дүниеге әкелуде, - деп сөзін толықтырды орталықтың бас дәргері.

Өткен төрт айдың көрсеткіші бойынша қалада жаңадан 100 адамнан АИТВ-ы анықталған. Оның 78-і – ерлер, қалған 22-сі – әйелдер. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш тіркелген күннен бүгінге дейін 2297 адам тіркеуде тұрады.
 

Өзгелердің жаңалығы