Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізілді

17 Мамыр 2021, 11:54
2145
Бөлісу:
Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Білім беру мекемелері мен мектептер адам көп жиналатын қоғамдық орын болып есептеледі. Сондықтан терроризм тұрғысынан алғанда тәуекелі жоғары. Ішкі істер министрлігі жыл сайын мектептердің қорғаныс деңгейін тексереді, - деді Баймұқашев.

Оның айтуынша, бейнебақылау, сигнализация және ұжымның террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру білімі тексеріледі.

Сондай-ақ білім беру мекемелерінің мұғалімдері және оқушыларымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оларға террорлық шабуылдар мен өзге төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау тәртіптері түсіндіріледі. Күдікті зат табылған кезде, жарылыс пен эвакуация кезінде не істеу керегі толық жазылған жаднама таратылады, - деді ол.

Мұрат Баймұқашев қажет құжаттар электронды түрде жолданатынын атап өтті.

Биыл да ондай жұмыстар тоқтатылмады. Онлайн оқу кезінде де мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда қандай әрекет ету керегі туралы сабақтар өткізілді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы