Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталық жұмыс істейді

17 Мамыр 2021, 10:18
1666
Бөлісу:
Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталық жұмыс істейді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

«1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде кейбір  сұрақтар бойынша бюроның аймақтардағы және Орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосылады.

Сонымен қатар респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін бюроның интернет-ресурсына, бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады.
 

Өзгелердің жаңалығы