Все новости за 15 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Павлодарда трасса өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндірді.
-
Ұнамаса ауыстырып ал, екі ай уақытың бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау бойынша тіркеу науқаны басталды. Оған екі айдың ішінде 15 қарашаға дейін тіркелуге болады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
-
Досаев: 8 айда инфляция 7 пайызға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
АҚШ ғалымдары коронавирустың күшін жоятын ақуызды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Питтсбург университетінің (АҚШ) ғалымдары коронавирустың күшін жоятын ақуызды анықтады. Ол коронавирустың S-ақуызымен (protein S) әсерлесіп, ішке еніп, оны жоя алады.
-
Әкім: Тұмауға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру - бірінші міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте тұмауға қарсы вакциналау барысы және басқа да бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
-
Өзбекстанда азаматтық алу жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда азаматтық алуды жеңілдететін заң күшіне енді.
-
Қызылордада «Ауыл мектебі» жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында пилоттық режимде «Ауыл мектебі» жаңа білім беру жобасы басталды. Өңірдегі 3 мектепте бастау алған жоба педагогикалық практиканы жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және цифрлық ресурстардың қолжетімділігін арттыруды көздейді.
-
Ертең еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, ауа райы бұзылатынын хабарлады.
-
Праймериз. Оралда 103 үміткер тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында праймеризге қатысушылар арасында алғашқы пікірсайыс өтті.
-
Жамбыл облысына жедел жәрдем көліктері берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді. Бұдан бұрын облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк жеткізілген болатын.
-
Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
-
Елордалық ардагерлер флешмоб өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Халықаралық қарттар күні айлығы басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Халық Қаһарманы ерлік сабағын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының астаналық филиалының тәрбиеленушілері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесті.
-
Елордада тұрғын үй сертификатын алатын азаматтар саны артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрғын үй сертификатын алатын азаматтар санатын кеңейтеміз, деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
Биыл Кентау қаласында 600 отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі бойында былтырғы жылдан бастап 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.
-
Президент Жолдауындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.
-
Қызыл кітапқа енген аңды аулаған браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Алматыда 40-қа жуық нысанға айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
-
Сенаторлар «СҚ-Фармация» қоймаларын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саладағы проблемаларды анықтау мақсатында сенаторлар дәрі-дәрмекпен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға барды.
-
Сотталған азаматтар Президент Жолдауымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы таныстырылды.
-
Алматыда вакцина алу алгоритмі туралы айтылды
Алматы, BAQ.KZ. Қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Айгүл Асенқызы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында тұмауға қарсы тегін вакцина алу алгоритмі туралы айтты.
-
Ақтоты Райымқұлова Жанар Авар Төребаеваны қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Францияның Бретань өлкесі Ренн қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Жанар Авар Төребаеваны қабылдады.
-
Алматыда экологиялық инсталляция ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. StopMusor экологиялық акциясы аясында полиэтилен пакеттерінен жасалған арт-нысан Алматыда таныстырылады.
-
Исекешев ШЫҰ мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он бесінші кездесуіне қатысты.
-
Қазақстанда 30-дан астам ЖОО тізімнен алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30-дан астам ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілмеді, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
Елімізде жастарға арналған тағы бір бағдарлама қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасын таныстырды.
-
Шағын және орта бизнес АХҚО арқылы инвестиция тарта алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус дағдарысы әлем бойынша тікелей инвестиция ағымын азайтты. Азия Даму банкінің мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3,2%-ға төмендемек. Бұл, бірінші кезекте, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.
-
Жұмыспен қамту маманы: Азаматтардың жұмыс жоқтығын желеу етуіне ешбір негіз жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
-
Алматыда жыл соңына дейін 11 амбулатория ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
-
COVID-19: 7-13 қыркүйек аралығында 37 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда барлығы 1671 адам көз жұмды.
-
Елордада 8 жылға созылған тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға жақын.
-
Қырғызстанда көмір кен орнында үлкен көшкін жүріп өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Нарын облысында Кара-Кече көмір кен орнында ені 9 шақырымға жететін жойқын көшкін болды.
-
Блок-бекеттегі апат: Азат Азаматов кінәсін мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қарасай аудандық сотында екі полиция қызметкері қаза тапқан жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық іс бойынша сот ісі барысында айыпталушы Азат Азаматов кінәсін мойындады, деп хабарлайды ru.sputniknews.kz.
-
Ливан астанасында тағы да төтенше жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
-
Қазақстан-Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан арасында 20 қыркүйектен бастап ұшақтар қатынай бастайды.
-
«Менің атым кім?». Әр бала басты кейіпкер болатын кітап жарық көреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда әр бала басты кейіпкер болатын персоналды кітап жарық көреді. Бұл туралы жобаның тең авторларының бірі Ерік Беріков айтып берді.
-
Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарлануда
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы тұрғындарын тұмауға қарсы ауқымды вакциналау басталды. Вакциналау осы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады.
-
Шымкентте ақпараттық дүңгіршектер 1200-ден аса туристке қызмет көрсеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент – туристер үшін тартымды қала. Қалада туристер үшін бірнеше ақпараттық дүңгіршек орнатылып, жұмысын бастаған еді.
-
Ректор жемқорлыққа қарсы стандарттың жұмысы туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл «Antikor LIVE» жобасы аясындағы брифингте Мемлекеттік басқару академиясына енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы айтты.
-
Тоқаевтың кеңесшісі Өзбекстан Президентінің де кеңесшісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті және Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі атанды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында хабарлады.
-
Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібін түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және пайдалануға рұқсат алған жұмыс берушілер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін өз қызметкерлерінің болу мерзімін (визасын) ұзартуға өтініш беруге құқылы. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкентте індетке қарсы медициналық ұйымдардың дайындығы пысықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күреске қарсы барлық тиісті шараларды жүргізуде. Мамандардың болжауы бойынша індеттің екінші толқыны болуы ықтимал. Сондықтан да осы дертке медицина мамандары төтеп бере білуі керек.
-
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Атырауда тұмауға қарсы вакцина салу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл тұмауға қарсы вакцина 15 қыркүйектен бастап салынады деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 430 мың адам қатысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 8 айында 430 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.
-
Nur Otan зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуда 10%-дық салық салудан бас тартуды ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10%-дық салық салудан бас тартуды ұсынады.
-
Бүгін дүниежүзілік лимфомамен күрес күні
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын қыркүйектің 15-і күні Дүниежүзілік лимфомамен күрес күні атап өтіледі.
-
Инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн мектеп іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн мектебін іске қосады.
-
Праймериз жергілікті биліктің өзгеруіне серпін береді – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Праймериздің қаншалықты ашық әрі әділ өтуіне байланысты оның алдағы тағдыры шешіледі. Осы орайда саясаттанушы Қазбек Майгелдиновпен әңгіме өрбіткен едік. Ол саяси доданың артықшылығы мен ерекшелігі, пайдасы мен үлесі туралы айтып берді.
-
Қуат Хамитов жаңа мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Спортшы Қуат Хамитов бейнеүндеуіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады.
-
Асхат Маемиров басқа жұмысқа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ашылған Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып Асхат Маемиров тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеген.
-
Мектептерге бұл қаражат керек емес пе? Аймағамбетов игерілмей жатқан қаржы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлінің аппарат жиналысы өтті. Министр жиналыс кезінде білім басшыларына бірқатар тапсырма берді.
-
Қаллекидің басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына директор болып Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Украинада соңғы тәулікте 3 мыңдай адамнан коронавирус анықталған
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Украинада 2905 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
-
«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс».
-
Кәсіпкер 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Бүгінгі індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла демеушілікке үлесін қосуда.
-
Үлескерлерді алдап кеткен алаяқ компанияларға қатысты тергеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында үлескерлер салымдарын жымқырған ұйымдар туралы айтты.
-
Қазақстанда 620 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республикадағы азық-түлік қоры туралы ақпарат берді.
-
«QNET» компаниясы қазақстандықтарға 160 млн теңге материалдық шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Кілтін ұмытқан азамат балкон арқылы үйіне кірмек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Балалардың терезеден құлау деректері» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы айтып берді.
-
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Балалардың терезеден құлау деректері» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы айтып берді.
-
Халықтың 22 млрд теңгесін «жеп қойған». Қаржы пирамидаларының жағдайы не болып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз
Елімізде өнердің бұл түріне қызығатындар аз емес, бірақ Қостанай облысында, дәлірек айтсақ, Тобыл қаласында бұған сұраныс жоқтың қасы көрінеді.
-
Елімізде емханаға тіркеу науқаны басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда емхана таңдау науқаны басталды. Қыркүйектің 15-інде басталатын дәстүрлі науқан екі айға созылады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
-
Қуат Хамитов қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында спортшы Қуат Хамитовтың бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді.
-
Еуропада қазан айында өлім-жітім деңгейі өсуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазады ru.euronews.com.
-
Ешбір себеп жоқ. Мамин бағаны шарықтатып жібермеңдер деп қадап айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын көтеруге еш себеп жоқ екенін айтты.
-
Төтенше жағдай кезінде 7 тауар түрін экспорттауға тыйым салдық – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төтенше жағдай кезінде 7 тауар түрін (қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы) экспорттауға тыйым салынғанын айтты.
-
Атамқұлов индустриялық жобалардан қандай нәтиже күтілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жүзеге асырылатын индустриялық жобалар толық қуатқа шыққан кезде өндіріс көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асады деп күтілуде.
-
2 млрд теңге. Жалған шот-фактура жазумен айналысқан азамат сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
80 түрлі дәрі-дәрмекті елімізде өндіру жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде алдағы бес жылда фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамытуға арналған кешенді жоспар іске асады.
-
ҰБТ өткізу ережелерін бұзған комиссия мүшелері жазаланды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше болды.
-
Азық-түлік тауарларының бағасы өсті – Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Машина жасау саласында бірнеше жоба іске қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы сегіз айда машина жасау өндірісі 16,3 пайызға өскен. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
-
Әкімдер жеке жауап береді - Премьер-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин моноқалаларда индустриялдық жобаларды дамыту керектігін айтты.
-
Шымкентте 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен.
-
Кемінде 1,5 есеге арттыру керек. Мамин алдағы бес жылдағы жоспарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарын айтты.
-
Қарағанды облысында автобус және шина шығару зауыты іске қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Саран қаласында автобус пен арнайы техника түрін шығаратын зауыт жобасын іске қосу жоспарланған.
-
Жақын күндері Алматы көгіне тікұшақтар көтеріледі
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖ департаменті жақын күндері тікұшақтардың оқу-жаттығуы өтетінін ескертті.
-
Биыл елімізде 206 индустриялық жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің өңірлерінде 996 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
-
Белгілі неміс әдебиеттанушысы «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошут «Достық» орденімен марапатталды.
-
Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
-
Ерекше қайырымдылық эстафетасы бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды.
-
Сейсенбі, 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйек күні республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан найзағай, жаңбыр, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Елорда жылу беру маусымына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жылу беру маусымы, көмір сату және газдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Өткен тәулікте 209 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 209 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 65 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаға тартылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
-
Шымкент: Шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық ахуал және жаңа Қаулы бойынша өткен брифингте Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы Жұмабек Ержанов мәлімдеді.
-
Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Армения көліктері үшін жасалған жалған құжаттар анықталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу науқаны басталғалы осы көліктерге қатысты «түзетілген» 5 жалған техникалық төлқұжат анықталды.
-
Түркістанда 5 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» қоры Түркістан қаласында салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар 5 нысанды облыс әкімдігіне тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Арыс қаласындағы цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 15 млн литр минералды су өндіреді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды.
-
Қарағанды облысында дәстүрлі күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар жергілікті фермерлерден көкөніс, ет және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады. Дәстүрлі күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері қазан-қараша айларында облыстың қалалары мен аудандарында өтеді жоспарланған. Карантин жағдайында сауда қатарлары санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.
-
Қызылордада мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада «Мас жүргізуші-қылмыскер!» іс шарасы кезінде 977 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Петропавл әуежайы жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл әуежайынан бірқатар ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Наверх