Кемінде 1,5 есеге арттыру керек. Мамин алдағы бес жылдағы жоспарын айтты
15 Қыркүйек 2020, 09:52 902

Кемінде 1,5 есеге арттыру керек. Мамин алдағы бес жылдағы жоспарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында инновациялық даму бойынша Үкіметке біраз маңызды тапсырма жүктеді. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп өндірісін бес жылдың ішінде кемінде 1,5 есеге арттыру керек. Биыл 8 айдың ішінде өңдеуші өнеркәсіптің оң динамикасы қалыптасып, 3,3 пайызға өсті. Бұл жетістікке пандемия мен әлемдік кризиске қарамастан қол жеткізілді. Биыл индустриалды жол картасы аясында сомасы 996 млрд теңгеге 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 335 теңгеге ұлғайтуға және 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, - дейді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, салалар бойынша жобалардың негізгі бөлігі машина жасауға, тау-кен металургиясына, агроөнеркәсіптік кешенге, энергетикаға тиесілі. 

Алматыдағы «Hyundai», Қостанайдағы «Chevrolet» секілді жеңіл автокөлік түрлерін құрастыру индустриаландырудың жарқын үлгісі болып отыр. Қарағанды облысында техникалық газ өндіру жобасы мен алтын өндіретін фабрика іске қосылды. Машина жасау саласының дамуы локализация деңгейін және Қазақстанда шығарылатын құрамдастардың номенклатурасын бірнеше мыңға кеңейтуге ықпал етеді. Бұл өндірістер жұмыс орындарының санын ұлғайтады.

Құрылатын кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпорындарды 3 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді кредит беру арқылы кәсіпорындарды кеңейту мен жаңғыртуға бағытталады, - дейді Үкімет басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...