Қазақстан-Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

15 Қыркүйек 2020, 16:06
2264
Бөлісу:
Қазақстан-Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан арасында 20 қыркүйектен бастап ұшақтар қатынай бастайды. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның коронавирусқа қарсы штабы екі ел арасындағы әуе қатынасы осы мерзімде іске қосылатынын хабарлаған. 

Алматы – Бішкек  - Алматы рейсін Air Astana әуе компаниясы жүзеге асырады. Ұшақ аптасына екі рет  - сейсенбі және жексенбі күндері ұшады, - делінген хабарламада.

Өткен аптада Қырғызстан Араб Әмірліктері, Түркия арасындағы әуе қатынастарын іске қосқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы