«Менің атым кім?». Әр бала басты кейіпкер болатын кітап жарық көреді

15 Қыркүйек 2020, 15:56
5933
Бөлісу:
«Менің атым кім?». Әр бала басты кейіпкер болатын кітап жарық көреді
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда әр бала басты кейіпкер болатын персоналды кітап жарық көреді. Бұл туралы жобаның тең авторларының бірі Ерік Беріков айтып берді.

WhatsApp Image 2020-09-15 at 15.24.07 (1).jpeg

«Менің атым кім?» - әрбір балаға арналған жеке, персоналды кітап. Яғни, кез келген бала ертегілер жинағының басты кейіпкері болады. Бастапқы идея балаларға арналған кітап еді. Жұмыс барысында идеялар толықтырылып, жетілдіріліп, осындай 0-8 жас аралығындағы әр бала басты кейіпкер бола алатын персоналды ертегілер кітабын шығаруға ден қойдық, - дейді Беріков.

WhatsApp Image 2020-09-15 at 15.24.06.jpeg

Автордың айтуынша, бала ертегіні оқып қана қоймай, креативті ойлау жүйесін дамытады.

Ұйқысынан оянған бала қолында есімі жазылған білезіктің жоғалғанын байқайды, есімінің кім екенін табу үшін білезіктің жібімен төсегінің астына түсіп ғажайып әлемге тап болады. Бұл әлемде бала өзінің тапқырлығымен, креативті ойлау арқылы проблеманы шешу дағдыларын қолданып, 10 кейіпкерге көмектесіп, олардан сый ретінде есімінде бар әріптерді алады. Әріптерді бір-бірлеп жинаған бала, есімін құрастырып, оянады, - дейді Ерік.

WhatsApp Image 2020-09-15 at 15.24.08.jpeg

Автордың айтуынша, кітаптың мақсаты - әрбір баланың бойында мейірімділікті ояту.

Кітапты оқыған баланың бойында мейірімділік, сүйіспеншілік, тапқырлық, батырлық сияқты құндылықтар қалыптасады деп ойлаймыз. Әрі заманға сай проблеманы шешу мен креативті ойлау дағдыларын тәрбиелеуді көздеп отырмыз, - деді ол.

WhatsApp Image 2020-09-15 at 15.24.08 (1).jpeg

Әрбір баланың көңілін аулауға бағытталған кітаптың шығарушылары - «Alem Publishing» командасы. Бұл олардың алғашқы жобасы болып отыр.

Басты мақсатымыз - балаларға арналған пайдалы дүниелерді әзірлеу. Осы салаға ден қойып, нық қадаммен ісімізді бастадық. Біз Astana Hub IT-технологиялар технопаркінің аясында өткен Акселератор 5.0-ге қатысқан едік. Биыл «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына өтінім білдірдік. Екі турдан өтіп, грант алу мәселесін күтіп жүрміз, - деді ол.
Кітаптың тағы бір ерекшелігі, алғы сөз бен кіріспесін тұтынушы өзі жазады.
Біздің кітаптың ерекшелігі, ол әрбір балаға арналып жеке жазылады. Яғни, кітаптың алғы сөзі мен кіріспесін сіз жазасыз. Кітапты сатып алмас бұрын арнайы сайттан кітаптың тілін (қазақ, орыс) таңдап, қажетті беттерді өзіңіз толтырасыз. Яғни, кітап баланың есіміне байланысты жеке-жеке құрастырылады. Әрбір сатылған кітаптың 2,5%-ы балалар қоғамдық қорына жіберіледі. Аружан Саин ханым басшылық ететін «ДОМ» detdom.kz-пен меморандумға отырдық, - деді Беріков.

WhatsApp Image 2020-09-15 at 15.24.07.jpeg

Айта кетейік, Ерік Берікұлы халықаралық мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Педагогика саласында 10 жылдай қызмет етіп келеді. Бұл жобаны Ерік Берікұлымен қоса Омар Болатбай, Әлібек Нұркеш, Нұрсұлтан Әлиев, Сұлтан Мұсаев сынды жігіттерден тұратын команда жүзеге асырып жатыр. Кітап осы айдың соңына қарай сатылымға шығады.

Өзгелердің жаңалығы