Ливан астанасында тағы да төтенше жағдай

15 Қыркүйек 2020, 16:12
1725
Бөлісу:
Ливан астанасында тағы да төтенше жағдай
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ливан астанасында тағы бір төтенше жағдай болды. Бейруттың орталық коммерциялық аймағында орналасқан британ-ирак сәулетшісі Заха Хадид жобалаған тарихи ғимаратта өрт шықты деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.

Ливанның азаматтық қорғаныс қызметінің ақпаратына сәйкес, тілсіз жау жылдам ауыздықталып, сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бірнеше жылдан бері салынып жатқан ғимарат аяқталуға да жақын қалған еді. Бұл төтенше жағдай Бейрут портында тамыздың басында болған өрттен бірнеше күн өткеннен кейін болып отыр.


Өзгелердің жаңалығы