Блок-бекеттегі апат: Азат Азаматов кінәсін мойындады

15 Қыркүйек 2020, 16:28
1636
Бөлісу:
Блок-бекеттегі апат: Азат Азаматов кінәсін мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қарасай аудандық сотында екі полиция қызметкері қаза тапқан жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық іс бойынша сот ісі барысында айыпталушы Азат Азаматов кінәсін мойындады, деп хабарлайды ru.sputniknews.kz. 

Құрметті сот, мен өз кінәмді мойындаймын және жасаған әрекетіме өкінемін, - деді ол.

Бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовқа Қылмыстық Кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылып отыр. 

Азат Азаматов апат кезінде ұйықтап жатқанын және басқа ештеңе есінде жоқ екенін айтты. 24 мамыр күні оны достары Көксай ауылына шақырғанын және онда алкогольді ішімдік ішкенін жеткізді. 

Жол полициясында бірге қызмет еткен үш әріптесіммен бірге іштім. Олар менің бұрынғы әріптестерім. Басқа ештеңе есімде жоқ. Ауруханада оянғанымда маған жол-көлік апатын жасағанымды айтты. Мұның қалай болғаны есімде жоқ, - деді Азаматов. 

Ол, сонымен қатар, жол апаты болған күні полиция қызметкері болмағанын айтты. 

Мен 20 мамырда жұмыстан босату туралы өтініш жаздым. 21 мамырдан бастап қызметтен кеттім. Жалпы, полицияда 2014 жылдан бастап жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде бір рет тәртіптік жазаға тартылдым, - деді сотталушы.  

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр және Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан №4 блок-бекетте BMW маркалы автокөлігінің мас жүргізушісі бетон қоршауға келіп соғылған болатын. Көлік инерция бойынша ішінде екі полиция қызметкері отырған патрульдік көлікпен соқтығысқан.

42 жастағы патрульші Жарас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Алматы полициясының тағы бір қызметкері - есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Ерболат Сейдазым ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы