Әкімдер жеке жауап береді - Премьер-министр

15 Қыркүйек 2020, 10:04
1295
Бөлісу:
Әкімдер жеке жауап береді - Премьер-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин моноқалаларда индустриялдық жобаларды дамыту керектігін айтты.

Біріншіден, қазіргі кезде сыртқы нарықтағы тұрақсыздық деңгейі өте жоғары. Сондықтан барлық күш-жігерді сыртқы және ішкі сұраныс неғұрлым тұрақты салаларға, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика салаларына жұмсау қажет. Кеңінен пайдаланылатын отандық құрылыс материалдарын, шыны, керамика, санфаянс және тағы басқаларды өндіруді көбейту қажет.

Әлемде көміртегі бағасының төмендеуі технологиялық күрделі салаларға мән беру қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл мұнай-химия және газ өңдеу салаларына қатысты.  

Ол сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне биылға жоспарланған барлық жобаларды іске асырып қана қоймай, индустрияландыру картасының жобалары пулын қосымша қарап, кеңейтуді, жаңа жобаларды қарастыруды тапсырды.

Екіншіден, жобалардың барлығы өңірлерде іске асады. Биыл капитал салымын ең көп қажет ететін жобалар Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында іске асырылып жатыр.
Қалған өңірлер жобаларды іске асыруды жандандыруы қажет.

Әкімдер индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады. Үшіншіден, моноқалаларда индустриялық жобаларды дамыту керек. Бұл жағынан Қарағанды облысының Саран қаласы жақсы үлгі бола алады. Онда автобустар мен арнайы техника шығаратын ірі жобаны іске асыру басталды, - дейді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, жалпы 1500 тұрақты жұмыс орны құрылады. 

Сонымен қатар, автобустар мен арнайы техника шығару көлемі жылына 1500 бірлік көлемінде жоспарланған. Бұған қоса жылына 3,5 млн-ға дейін автошина өндіретін жоба қарастырылып жатыр, оның 30 пайызы экспортқа шығару жоспарланған. Бұл - тағы да 1,5 мың жұмыс орны деген сөз. Жалпы, Саран қаласына салынатын инвестициялар көлемі 150 млрд теңгені құрайды. Жыл сайын 160 млрд теңгеге өнім шығарылады, - дейді Үкімет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы