Елордада 8 жылға созылған тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын

15 Қыркүйек 2020, 16:55
1397
Бөлісу:
Елордада 8 жылға созылған тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға жақын. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, құрылысы сегіз жылға созылған үйдің проблемасы көп. 

Кеше кешкі аралау кезінде құрылысы созылып кеткен «Жағалау-3» (30-блок) кешенін бір пысықтадық. Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік. Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып қалды, жұмысшылар лифттерді орнатуға кірісіп кетті. Сол уақытта аумақты абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Жақын арада ішкі жұмыстары басталады, - деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсыру жоспарланғанын атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы