Сотталған азаматтар Президент Жолдауымен танысты

15 Қыркүйек 2020, 18:47
1648
Бөлісу:
Сотталған азаматтар Президент Жолдауымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы таныстырылды.

Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында ЖД-158/4 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Бақытжан Байжігітов Президент  Жолдауының басым бағыттары мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Айта кетейік, аталған Жолдау халықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың әлеуетін, тұрмыс-тіршілігін ілгерілетіп жақсартуға бағытталған. 
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін атап өтті. Осы тұрғыда кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа ие болуы тиіс, -  деді Байжігітов.

Өзгелердің жаңалығы