Биыл Кентау қаласында 600 отбасы баспаналы болады

15 Қыркүйек 2020, 20:16
2774
Бөлісу:
Биыл Кентау қаласында 600 отбасы баспаналы  болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі бойында былтырғы жылдан бастап 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға таяу. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.

Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аймағы 33240 шаршы метрді құрайды.Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады, – дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев.
Қалада сонымен қатар 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жалпы аймағы 151368 ш.м. құрайтын үйлер 15 шағын ауданда бой көтереді.


Өзгелердің жаңалығы