Шымкентте ақпараттық дүңгіршектер 1200-ден аса туристке қызмет көрсеткен

15 Қыркүйек 2020, 15:33
1181
Бөлісу:
Шымкентте ақпараттық дүңгіршектер 1200-ден аса туристке қызмет көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент – туристер үшін тартымды қала. Қалада туристер үшін бірнеше ақпараттық дүңгіршек орнатылып, жұмысын бастаған еді. Мамыр айында Арбат, Абай саябағы, Жайлаукөл, Тәуелсіздік және Орталық саябақтарда, сонымен қатар Теміржол вокзалы мен әуежайларда арнайы кеңес беру орталықтары ашылған болатын.


Бүгінде 7 дүңгіршекте үш тілді меңгерген, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Қалаға келген туристер саябақ маңындағы дүңгіршектен қаланың туристік картасымен танысып, қандай ерекше, таңдаулы жерлер бар екенін біле алады. Сондай-ақ, кеңес беруші мамандар шетелден келген қонақтарға ақысыз гид қызметін көрсетуде. 
Карантиндік режим кезінде онлайн форматта қызмет көрсеткен мамандар бүгінде  сәрсенбі-жексенбі күндері таңғы 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда киоскілерден кеңес алушы туристер ақпараттың пайдалы болғанын айтып, өз ризашылықтарын білдіруде, - деп хабарлады Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.  
Жалпы статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінге дейін Туризм басқармасының ақпараттық дүңгіршектеріне 1200-ден аса қазақстандық және шетелдік туристер қызығушылық танытып, кеңес алған.


Өзгелердің жаңалығы