Елімізде жастарға арналған тағы бір бағдарлама қабылданды

15 Қыркүйек 2020, 17:40
1808
Бөлісу:
Елімізде жастарға арналған тағы бір бағдарлама қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасын таныстырды. 

Біз партиямыздың төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Жастар - Отанға!» бағдарламасының жобасын әзірлеген болатынбыз. Қазіргі таңда бұл жоба жастардың арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Jas Otan Жастар қанатының құрамына 106 мың азамат бар. 17 өңірде аймақтық бөлімшелеріміз бар. «Жастар - Отанға!» бағдарламасы жастардың барлық санатын қамтиды. Ол бес бағыттан тұрады. Біріншісі – азаматтық белсенділік, екіншісі – сапалы білім, үшіншісі – жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, төртінші – жас отбасыларды баспанамен қамту және қолжетімді баспана, бесіншісі – тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу, - дейді Елнұр Бейсенбаев. 

Оның айтуынша, бағдарлама жасалмас бұрын Jas Otan Жастар қанатының мүшелері ел бойынша онлайн және оффлайн режимде 200-ге тарта кездесу өткізген.

Сол кездесулердің аясында жастар тарапынан 4 мыңға жуық ұсыныс жинадық. Жалпы «Жастар - Отанға!» бағдарламасын әзірлеу барысында қандай мәселелерге ден қойдық. Біріншіден жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Екіншіден Канада, Германия секілді елдердің жастар саясатын қолдау бойынша халықаралық тәжірибелерін зерттедік. Сондай-ақ, БҰҰ жастарды қолдау стратегиясы – осы бағдарламаның негіздерінің бірі болды. Жалпы бұл бағдарламаны дайындаған кезде Мемлекет басшысының жолдауда жастарға қатысты айтқан мәселелерін қамтыдық. Одан бөлек,онлайн және оффлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар, жақында jasotan.kz сайтында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 жол картасы жарияланды, - дейді Jas Otan Жастар қанатының төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы