Все новости за 31 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматы базарында автобөлшектер бар контейнерлер өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сенбі күні түстен кейін «Жібек жолы» базарында өрт шықты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Өскемен, Семей, Күршім және Үржарда ПТР-зертхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 15 компьютерлік томограф 24/7 режимінде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Жұмысшының құқын кәсіподақ қалай қорғауда?
Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Шымкент шаһарында тұрғындар саны 1 млн 52 мың 51 адамға жетті.
-
Атырауда емдеу мекемелеріне жедел жәрдем көліктері табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда емдеу мекемелеріне 12 «Уаз» маркалы жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Автокөліктерді салтанатты жағдайда табыстау рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Жамбылда колледждерді оңтайландыру қарқынды жүргізілуде
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы 46 колледжде биылғы оқу жылында 23 700 студент білім алып жатыр. Оның ішінде 39 арнаулы орта оқу орнында 19561 студент қашықтықтан оқып жатса, 7 колледжде 1298 студент штаттық режимде оқуда.
-
Абай-175: Хакім атындағы музей онлайн шараларды өткізді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 11 жыл бұрын бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Абай саябағында «Хакім Абай» музейі ашылған болатын. Сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бой көтерген музейдің 22 қыркүйектегі салтанатты ашылуына еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев та арнайы келіп қатысты.
-
Қыркүйекте 289 млрд теңгенің шетелдік валютасы сатып алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Балқан түбегіндегі елдерде вирус өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті Балқан түбегіндегі елдерде өршіп тұр. Бұл туралы 24.kz жазды.
-
«Сыбаға»: 5 мың сиыр мен 50 мың қой сатып алынады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өткен болатын. Ол, сондай-ақ саланы дамытуға бағытталған бірқатар міндеттерді де қоса жүктеген.
-
Карантин: Елордада мобильді топтар 184 заң бұзушылықты анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Саяхаттаушыларға жаңа санитарлық талаптар енгізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын күндері ДДСҰ пандемия кезінде саяхат жасаушыларға арналған санитарлық нұсқаулық жариялайтын болады. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
-
Қайрат Ахметов грэпплингтен Arlan Grip Pro Гран-приін жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro Team командасының атынан қатысқан қазақстандық файтер, бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов грэпплинг турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Арал аyданында индyстрияландырy бағдарламасы аясында 6 жоба іске асырылуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арал ауданында өндіріс өркен жайып келеді. Балық шаруашылығы шираған, өнімдер алыс-жақын шетелге жөнелтіліп жатыр. Бұл турасында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевпен сұхбаттасқанда білдік.
-
Қостанайда жол бойына жылыну пунктері қойылады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 1 қарашадан бастап Қостанай облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 238 жылыну пункті жұмыс істей бастайды.
-
Фируза Шарипова Мәскеу төрінде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық Фируза Шарипова (12-1, 6 КО) Сербия өкілкі Сара Марьяновичпен (7-8, 3 КО) жұдырықтасты.
-
Педагог мәртебесі туралы заң не берді?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданғалы қандай өзгерістер болып жатыр? Аталған заң педагог кадрларын дайындайтын ЖОО-ға қалай әсер етті? Президент Жолдауында айтылған ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмалар қалай орындалып жатыр? Осы және басқа да мәселелер бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан сұхбат барысында айтып берді.
-
Жамбыл облысында өрттің саны азайған
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Әр демалыс күндері жамбылдық өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, полиция өкілдері, еріктілер, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы мен «ЖЭС» ЖШС мамандары бірлесіп, Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күнін өткізеді. Олар шара барысында тұрғын үй секторында жаппай профилактикалық жұмыстарды да жүргізеді.
-
«Ақылды» қалада не өзгерді?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақкөл қаласында «ақылды қала» жобасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе өмір сүру сапасын арттыруға, адамдар үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталған.
-
Дақпыртқа ермей, сақтық шараларын сақтаған жөн – медбике
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер коронавируспен ауырғандар ағзасындағы «Д» дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шегіп жүргендерін айтуда.
-
ШҚО-да шаруа қожалығы өртке оранды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығында өрт шықты, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
-
БҰҰ-75: Алматыда Бейбітшілік аллеясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Ботаника бағында БҰҰ 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясы салынды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
Еуропада вирустың жаңа түрі таралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус мутацияға ұшырады, деп хабарлады еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
«Шабыт» орталығы киіз басу дәстүрін жандандыруда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының аясында ашылған «Шабыт» халық шығармашылығы орталығы қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен киіз басу мәдениетінің ұмытылмай, қайта жандануына септігін тигізуде.
-
Атырауда бес бала өрттен құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала және бір ересек адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
-
Праймериз: Nur Otan өңірлік конференцияларға арналған нұсқаулықты бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» мәслихаттар мен Мәжіліске партиялық тізімдерді анықтайтын конференциялар өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, деп хабарланды партияның ресми сайтында.
-
Азық-түлік қауіпсіздігі: «Халалдың» бәрі адал ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ас – адамның арқауы» екенін айтқан халқымыз аурудың астан болатынын да ескерткен. Осы қанатты сөздер күн өткен сайын «халал» ұғымы арқылы жаңарып, жаңғыра түскен сияқты.
-
Егер банкте техникалық ақау орын алса не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары мұндайда сабырлық сақтап, бірнеше қарапайым қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынады.
-
Будапештте «Абай орталығы» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде «Абай орталығының» ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі.
-
Алматы облысында бақтардың көлемі 23 мың гектардан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Ұйғыр ауданында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде биылғы жылы 22 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары себілген.
-
Ұшақта вируске шалдыққандар болса өзге жолаушылар оқшаулана ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева жауап берді.
-
Ауылдарда ҮЕҰ жұмысы жанданып келеді – Динара Өтебаева
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде мыңға тарта қоғамдық ұйым тіркелген. Алайда, белсенді жұмыс істеп тұрғаны екі жүзге жетпейді. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар мен олардың жұмысы туралы бізге Қостанай облысының «ГрИН» азаматтық альянсы жетекшісі Динара Өтебаева айтып берді.
-
Көкшетаулық ерікті студенттер пандемиямен күреске үлес қосуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы медицина факультетінің студенттері пандемияның екінші толқынында да коронавирус індетімен күресте ерікті түрде көмек көрсетуге дайын.
-
Қостанайға жаңа компьютерлер жеткізілді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысына компьютерлер мен ноутбуктердің кезекті партиясы жеткізілді. Құрылғылар қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға беріледі.
-
Петропавлдық мектеп оқушысы Абайдың 80 өлеңін жатқа біледі
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропал қаласындағы Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның шәкірті Бәтима Мұханжарова Абайдың 80 шығармасын жатқа біледі.
-
Тоқаев: Түрік халқына қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылар ПТР тестілеуден елде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева айтты.
-
Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
ШҚО-да індет өршіп тұр: Ошақ саны – 233, байланыста болғандар - 452
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы уақытқа ШҚО аумағында барлығы 9798 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 5938 жағдай (61%) клиникалық симптомдармен, 3860 жағдай (39%) симптомсыз.
-
Елжан Біртанов ұсталды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге болмайтынын айтты.
-
Шертпе күйдің жоқтаушысы – Қайролла Сәдуақасов
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ өнерін, оның ішінде шертпе күй дәстүрін дамытып, келер ұрпақтың санасына дұрыс жеткізуді мақсат еткен күйші, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ашылған «Күй керуен» орталығының негізін қалаушы Қайролла Сәдуақасовтың өмірден өткеніне жыл толды. Арқадағы шертпе күй мектебінің негізін қалап қана қоймай, күй өнерін тереңірек зерттеп, қазақ халқының маңдайына біткен киелі өнерін өшіріп алмай, келер ұрпаққа жеткізуде талмай еңбек еткен тұлғаның өмірі ұрпақтарына өнеге.
-
#Желмая. Шетелден келетін жолаушыларға қандай санитарлық талаптар қойылған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежайдағы карантиндік бақылау қалай жүзеге асырылады? Шетелден ұшып келген азаматтардың қаншасы оқшауланып, қаншасынан коронавирус анықталды? Ұшақта науқастанғандар болса қандай әрекет жасалады? ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларға тестілеуді елде өткізу мүмкіндігі қарастырылған ба? Осы және өзге де сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева жауап береді.
-
Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда болған жер сілкісінен зардап шеккендердің саны артты. Бұл туралы korrespondent.net. жазды.
-
Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ-де Қазақстанның үздік учаскелік полицейлері марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Степногорск қаласында жаңа жылыжай кешені салынуда
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Степногорск қаласында заманауи жылыжай кешені салынуда. Мұнда көкөністерді будандастыру әдісімен өсіру жоспарлануда.
-
Дәрі-дәрмектің бағасын халықтың бақылауы маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, отандық нарықта шетелден импортталатын дәрілердің үлесі 88 процентті құрайды. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін елімізде тәжірибе жеткілікті, ғылыми база, білікті мамандар да бар. Сондықтан дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құру қажет екендігін атап өткен болатын. Отандық фармацевтика саласын дамытуға да аса ден қойды. Өйткені бұл - ұлт қауіпсіздігі мәселесімен тығыз байланысты.
-
Түркиядағы зілзала
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Эгей аймағындағы табиғи апаттан 24 адам қаза тауып, 804 адам жарақат алған. Дүмпудің күші 6,6 балға жеткен.
-
Сапарбаев Қазақстанда жасалған тракторды жүргізіп көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «АгромашХолдинг KZ» АҚ шығарған жаңа LOVOL тракторының рөліне отырып, ескі ауылшаруашылық техникаларын жаңарту және қалпына келтіру бойынша trade-in бағдарламасын іске қосты.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 172 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 31 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Коронавирустық инфекциядан 3 795 адам ем қабылдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 795 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Жамбыл облысында бірнеше табиғи парк құрылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Табиғатты пайдалану мен қорғау проблемасы күн санап күрделеніп, бұл мәселеге айрықша назар аударылуда. Сондықтан да Жамбыл облысында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудан бөлек, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту, қорғау сынды жауапты міндеттер мұқият жүзеге асырылып келеді.
-
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Исаев тағайындалды.
-
Таразда қатты қалдықтарды кәдеге жарататын зауыт салынуы мүмкін
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде жаһандық экологиялық саясат жоқ, бірақ жаһандық экологиялық проблемалар бар. Соның маңыздыларының бірі – табиғатты тиімді пайдалануға көшу. Қазіргі кезде жер бетіндегі барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.
-
Бүгін республика қалаларындағы метеожағдай қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қазан, сенбі күні еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Елімізде өткен тәулікте 123 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 123 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 461 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Маңғыстауда І және ІІ деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 науқас емделуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда 30 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
-
Шымкенттегі ПТР зертханалары күніне 3500-ге жуық тест қабылдауға қауқарлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мəлімдеді.
-
Түркістан: Ескі Иқан ауылында соңғы үлгідегі емхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылында жаңадан шағын емхана ашылды, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Атырау облысының тұрғынынан бес келіден астам есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Санжар Мұсаев садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудың классикалық санаты бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркия мен Грекияда жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Измир қаласында 6,6 балдық, ал Грекияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады РИА Новости.
-
Медқызметкерлерге ай сайынғы төлемдер жыл соңына дейін жалғасады – Ерлан Қиясов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі, елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов медицина қызметкерлерінің негізгі жалақысына ай сайынғы төлемдер жыл соңына дейін жалғасады, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
Жезқазғанда 200 төсектік модульді аурухана пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды. Бұл туралы Жезқазған қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Наверх