Елжан Біртанов ұсталды ма?

31 Қазан 2020, 12:36
3342
Бөлісу:
Елжан Біртанов ұсталды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге болмайтынын айтты. 

Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Қосымша мәліметтер болған жағдайда хабарлаймыз, - делінген хабарламада. 

Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланған еді. 

 Қазіргі уақытта экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат расталған жоқ, бірақ жоққа да шығарылмады.


Өзгелердің жаңалығы