Саяхаттаушыларға жаңа санитарлық талаптар енгізілмек

31 Қазан 2020, 20:55
1017
Бөлісу:
Саяхаттаушыларға жаңа санитарлық талаптар енгізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын күндері ДДСҰ пандемия кезінде саяхат жасаушыларға арналған санитарлық нұсқаулық жариялайтын болады. Бұл туралы korrespondent.net жазды. 

Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саяхаттаушылардың денсаулығын төніп тұрған қауіп көрсеткішін төмен деп бағалаған. Оған саяхат алдында COVID-19- инфекциясына тестілеуден өту әсер еткен.

Осылайша туристік орындарға тек сау азаматтар аттанады. Сондай-ақ, туристік нысандарда да санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауды және қамтамасыз етуді жалғастыра беру қажет, - деді ДДСҰ өкілі Майк Райан. 

Оның айтуынша, халықаралық рейстерді толықтай қауіпсіз ету пандемия жағдайында мүмкін емес. Мемлекет билігі тарапынан жасалып жатқан санитарлық эпидемиологилық шараларды сақтауғ туристер мен жолаушылардың өздері де мүдделі болуы тиіс

Қазіргі күні халықаралық рейстер мен саяхаттаушыларға арналған жаңа санитарлық талаптарыдң нормаларын талқылау үстіндеміз. Алдағы күндері оны көпшілік наарына ұысынатын боламыз,  - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы