Қыркүйекте 289 млрд теңгенің шетелдік валютасы сатып алынды

31 Қазан 2020, 22:00
1285
Бөлісу:
Қыркүйекте 289 млрд теңгенің шетелдік валютасы сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның мәліметіне сүйенсек, бұл өткен аймен салыстырғанда 31.2 пайызға көп.

Сатып алынған негізгі валюта АҚШ долларына тиесілі. Ол жалпы сатып алынған валютаның – 63,6% немесе 184,1 млрд теңгені құрайды. Ресей рублі – 24,9% немесе 72,0 млрд теңгеге, еуро – 11,2% немесе 32,5 млрд теңгеге сатып алынды, - делінген хабарламада.

2020 жылғы қыркүйекте теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 418,29 – 431,81 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 2,8%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 431,81 теңге болды.

Өзгелердің жаңалығы