Санжар Мұсаев садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды

31 Қазан 2020, 03:39
2156
Бөлісу:
Санжар Мұсаев садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудың классикалық санаты бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Республикалық маңызды жарыста ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жастар арасында садақшылар өзара мықтыны анықтап жатыр.

Садақ атудың классикалық санаты бойынша ерлер арасында Алматы облысының өкілі Санжар Мұсаев үздік танылды. Оның командаласы Ильфат Абдуллин екінші орыннан көрінсе, шымкенттік Фуркат Гульматов үшінші болды.

Ал әйелдер арасында Алматы облысының спортшысы Гаухар Игібаева жеңімпаз атанды. Шымкенттік Анастасия Туркина екінші, Александра Воропаева үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, 28 қазанда басталған ел біріншілігі 4 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы