Балқан түбегіндегі елдерде вирус өршіп тұр

31 Қазан 2020, 21:43
1424
Бөлісу:
Балқан түбегіндегі елдерде вирус өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті Балқан түбегіндегі елдерде өршіп тұр. Бұл туралы 24.kz жазды. 

Инфекцияға шалдыққан науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жоқ. Осыған байланысты Сербия билігі Белградтағы әскери кешенде мың орындық емхана тұрғызбақ. Солтүстік Македонияда да жағадай ушығып тұр. Соңғы үш аптада вируске шалыққандардың тәуліктік көрсеткіші төрт есеге артқан. Осыған байланысты ел билігі тұрғындарға қоғамдық орындарда маска тағып, санитарлық талаптарды сақтауды міндетті.

Небәрі төрт миллион халқы бар Хорватияда вирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 3 мыңға таяған. Соңғы 24 сағатта елде 2 мың 700-ден астам адам инфекцияға шалдығып, 20-сы көз жұмыпты. Мамандардың айтуынша, алдағы апталарда жағдай одан бетер ушығып, вирус жұқтырғандар саны күніне 4 мыңнан тіркелуі мүмкін. Ал Словенияда коронавирустың кеңінен етек жаюына байланысты елде қайтадан карантин жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы