Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артуы мүмкін

31 Қазан 2020, 11:48
1397
Бөлісу:
Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда болған жер сілкісінен зардап шеккендердің саны артты. Бұл туралы korrespondent.net. жазды.

Құтқарушылар апат болған орындарда әлі де іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, зардап шеккендер мен қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жер сілкінісінен Түркияда 24 адам қаза тауып, 804 адам зардап шекті. Оның 743-і Измирде, бесеуі Манисада, екеуі Балыкесирде және 54-і Айдында. Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары Измирдегі 17 қирандылар астында аяқталды. Тағы 13 ғимарт үйінділерінің астынан зардап шеккендер іздестірілуде. 

Магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі кеше Эгей теңізінің Сеферхисары ауданында болды. Табиғи апаттың эпицентрі 16,54 км тереңдікте болған. Жер сілкінісінен кейін 296 дүмпу сзеліп, оның 27-сінің магитудасы 4 балдан асқан. 

Салдарынан ондаған ғимараттар қирады. Іздестіру және құтқару жұмыстарына 4 мыңнан аса төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды. 

Дүмпулердің қуатты болғаны сонша оны Стамбул, сондай-ақ Грекияның Афины мен Самос қалаларының тұрғындары да сезді. Самоста дүмпу салдарынан шіркеудің мұнарасы құлап түскен.

Өзгелердің жаңалығы