Ұшақта вируске шалдыққандар болса өзге жолаушылар оқшаулана ма?

31 Қазан 2020, 14:17
1310
Бөлісу:
Ұшақта вируске шалдыққандар болса өзге жолаушылар оқшаулана ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева жауап берді.

Оның айтуынша, әуежайда шетелден келген жолаушылар ғана емес, өзге елге ұшатын азаматтар да тексеруден өтеді. Олар туралы мәліметтің барлығы базада сақталған.

Шетелден келген жолаушылардан ғана емес, елден шығып бара жатқан жолаушылардан да сауалнама алынады. Оның барысында жолаушы туралы барлық мәліметтер алынады. Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасы бар. Мәліметтер соған жүктеледі. Сондай-ақ, жолаушының қай бортта, қай орында отыратыны туралы ақпарат та сонда енгізіледі. Егер елге келген жолаушылардың бірінің ПТР сараптамасы оң нәтиже көрсетсе, жанында, алдында және артында отырған екі адам қатынаста болған болып есептеледі, - дейді ол.

Дария Әзімбаеваның айтуынша, ол адамдар санитарлық эпидемиологиялық мамандардың бақылауына алынады. Егер симптомдары болмаса үй жағдайы оқшаулануға мүмкіндік берсе үйінде, ал келмесе арнайы оқшаулау орнына жатқызылады.

Өзгелердің жаңалығы