Еуропада вирустың жаңа түрі таралуда

31 Қазан 2020, 17:21
1652
Бөлісу:
Еуропада вирустың жаңа түрі таралуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус мутацияға ұшырады, деп хабарлады еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болды. Бұл осы көктемде және жазда бүкіл әлемді құрсап алған вирустан өзгеше. Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясымен жұқтырылғандардың бұқаралық іс-шараға қатысуыларынан басталды деп болжайды. Ғалым вирустың одан әрі тез таралу себебін Испанияда демалып жатушылардың қауіпсіздік шараларын сақталмауларынан көреді.

Жаңа мутацияның жұқпалылығы және аурудың ағымы тұрғысынан қауіптілігі әлі белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.



Өзгелердің жаңалығы