Все новости за 5 тамыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Атырау облысындағы түйе өлімінің себебі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданындағы барлық түйеге паразитке қарсы дәрі-дәрмек беріліп жатыр, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын қарап, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмеге тегін қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс оқушылары білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта шығармашылық қабілетін дамытып, 21 түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады, деп хабарлады "ZhambylNews".
-
Ақмола облысында 30 орман өрті тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап 30 орман өрті тіркелді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін 46 адам жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
-
Қазақстан премьер-лигасының 21-туры ең көп көрерменді жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-турын 32600 адам тамашалады. Орташа есеппен әр ойынға 5433 көрермен қатысқан.
-
Ақтөбеде алты орында құрбандық шалынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Құрбан айт мерекесі кезінде діни рәсім қала аумағына қарасты арнайы мал соятын бес орында өткізіледі. Бұл туралды аktobenews.kz сайтында хабарланды.
-
Өскемен тұрғыны қанаты сынған үкі тауып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны сынық қанат үкі тауып алды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Қызылорда облысында 1 қыркүйекте егін ору науқаны басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада күзгі егін жинауға дайындық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде электромобильге деген сұраныс 3,5 есеге азайған
Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері 826 101 автокөлік құралы тіркеуге қойылған. Бұл туралы "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы хабарлады.
-
Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Vision Zero Almaty» концепциясы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
-
«Барыстың» экс-капитаны спорттық карьерасын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлықтық хоккей лигасы тарихындағы ең нәтижелі қорғаушы Кевин Даллмэн спорттық карьерасын аяқтады. Бұл туралы «Барыстың» экс-ойыншысы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
-
Алматы аудандарында аналарды қолдау орталықтары ашылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы аудандарында көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылуда.
-
«Киелі география» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Сараптамалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Зерттеулер аса қауіпті ауруларға теріс нәтиже берді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой аудандық жергілікті атқарушы органдарының ақпаратына сәйкес 2019 жылдың 3 шілдесінде Ақкиізтоғайда - 3 бас түйе 9 шілдеде - 3 бас түйе, 12 шілдеде - 6 бас түйе шығыны тіркелген, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты.
-
Қазақстанда магистратураға түсу тестілеуін арнайы мониторингтік топтар бақылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдан бастап магистратураға түсу кешенді тестілеу нәтижесі арқылы жүргізіледі.
-
«Астананың» үздік ойыншысы Түркияға ауысуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов спорттық карьерасын Түркияда жалғастыруы мүмкін.
-
Үлескер: Есепте бар пәтерлерден екі есе көп пәтер сатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертең проблемалы «Куршавель» тұрғын үй кешенінде болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Құбырдан Алакөлге төгілген лас судан не анықталды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамызда «Көктем гранд» қонақүйіндегі бассейн құбырынан Алакөлге лай суды төгу дерегі тіркелді.
-
Ресейде қару-жарақтар қоймасы жарылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында қару-жарақтар қоймасы жарылып жатыр. Бұл туралы Baza Telegram-каналында хабарланды.
-
Елімізде 236 адам суға батып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су қоймаларында 236 адам суға батып кеткен. Олардың 81-і – балалар.
-
Каир орталығында көлік жарылып, 19 адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Каир орталығында ірі автокөлік апатынан 19 адам қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Египет Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды reuters.
-
Синоптиктер күн ыстық болатынын ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Ақтауда ер адам кафеде оқ атып, 2 адамды жарақаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Ақтаудың 6-шағын ауданындағы көңіл көтеретін орындардың бірінде болды, деп хабарлады Lada.kz.
-
ҚР ҰПК қызметкерлері Азия Паралимпиада комитетіне алғаш рет мүше болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық Паралимпиада комитетінің мүшелері - Меруерт Тлебалды, Айжан Кайсина, Надежда Хамитова және Нұрсұлтан Еникеев Азия Паралимпиада комитетінің тұрақты мүшесі болып қабылданды.
-
Бішкек-Стамбұл ұшағындағы сәбидің неден қайтыс болғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер Бішкек-Стамбұл рейсімен ұшқан сәбидің неден қайтыс болғанын анықтап, хабарлады.
-
Атырау облысында биыл 232 тегін грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2019 жылы 232 грант бөлінді.
-
Нұр-Сұлтандағы Highvill-ден ер адам секіріп кетіп, қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ер адам Highvill тұрғын үй кешенінің 33-қабатынан құлап кетіп, қаза болды, деп хабарлады BNews.kz
-
Арыс тұрғындарына банк карточкалары таратыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
Балқаш прокуратурасы бюджет қаражатының жымқырылуын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бухгалтері бюджеттен өзінің жеке шотына аудару жолымен 1,4 млн теңгеден астам соманы жымқырған, деп хабарлады Бас прокуратураның сайты.
-
Елордада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.
-
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алмағандарға қайда жүгінуге болатынын ескертті
Алматы, BAQ.KZ. Зейнеткерлік жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бірақ қандай да бір себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесіне жүгінуі қажет.
-
Қазақстанның екі облысында 43 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
-
ШҚО ауданында 740 балаға мектеп формасы тегін беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесқарағай ауданында көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектеп формалары таратылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
-
Қазақстанның Жапониядағы елшісі еліміздің олимпиадашыларын қабылдауға дайындықты бақылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылорда облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Жаңақорған ауданына жұмыс сапары аясында мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы, көпбалалы ана Ж.Мұзафарованың үйінде болды.
-
Қазақстан қажылары орналасқан қонақүйлерге тексеріс жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қажылық миссия ұжымы екінші жұмыс күнін қонақүйлерге тексеріс жүргізуден бастады.
-
Қарағанды облысында жастар туристік слеті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқар Жырау ауданында жастардың туристік слеті өтті. Шараға Бұқар Жырау ауданының кенттерінен, ауылдарынан, ауылдық округтерінен 10 команда қатысты. Бұл туралы қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Ақтөбе облысында тұрғын үй сертификатына 200 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІІ сессиясы өтті. Онда тұрғын үй сертификатын беру мәселесі қаралды. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
-
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
-
Өзбекстандағы жол апатынан 3 қазақстандық қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан трассасында болған жол апатынан 3 Қазақстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Almaty.tv жазды.
-
Алакөлдің ортасында қалып қойған адамдар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моторлы қайықпен серуенге шыққандардың ішінде балалар да болған екен, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Қазақстандық спортшы кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияның София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
-
Түрлі мемлекеттік жеңілдікті алу үшін ажырасуға өтініш беретіндер көбейді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түрлі мемлекеттік жеңілдіктерді алу үшін отбасылар арасында ажырасу жағдайы көбейді. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының төрағасы Ербол Тулеев Baq.kz тілшісімен тілдесу кезінде айтты.
-
Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы саны ең көп жалдамалы қызметкерлер – орта мектеп мұғалімдері мен бухгалтерлер.
-
Павлодарда 4 жасар бала көпқабатты үйден құлап, қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында 4 жасар бала тұрғынүйдің 5-қабатынан құлап кетті, деп хабарлады BNews.kz.
-
Алматыда медиация күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында Республикалық бірыңғай медиация күніне орай «Республикалық ашық есік күні» өтіп жатыр.
-
Премьер-лига: «Тобыл» қайтадан топ басына көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аяқталды. Көшбасындағы «Астана» ұпай жоғалтып, бірінші орынға «Тобыл» көтерілді.
-
Түрікменстан президентінің демалысы: жаңа ән жазып, кітап шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-де Түрікменстанның «Altyn Asyr» орталық телеарнасындағы «Watan Habarlary» жаңалықтар топтамасында ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің еңбек демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсетті.
-
Елімізде феррохром өндірісінің көлемі 50% артпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы қайта қалпына келтіру бағдарламасы аясында жаңғыртылған пештен алғашқы металл алынды. Бұл туралы Еуразиялық топтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Арыста алты мыңнан астам отбасы жөнделген үйлеріне кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді. Бір айдан бері құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Өзбек Парламентінің төрағасы «Абай-175» челленджін Нығматулиннен қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов Абайдың 175 жылдығына арналған челледжге қатысты.
-
Маман: Емізу балаларды семіздіктен сақтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл балалар семіздігінің таралуы бойынша Қазақстанда және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірінің бірқатар елдерінде жүргізілген зерттеу (COSI, Childhood obesity Surveillance Initiative, 2015/2017жж.) нәтижелерімен расталады. Оның барысында ешқашан ана сүтін ембеген немесе сирек емген балалар семіздікке көбірек ұшырайтыны анықталды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қазақстандық десантшылар Псков қаласындағы 6-рота ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық армиялық ойындарға қатысып жатқан қазақстандық «Десанттық взвод» командасы 6-парашюттік-десантшылар ротасының құрамында мерт болған 84 жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
-
Алтай Көлгінов: 100 электроавтобус сатып аламыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі қоғамдық көліктің басымдылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Экстремалдық жүгіруден халықаралық жарыс аяқталды
Щучинск, BAQ.KZ тілшісі. Щучинскіде жоғарыға қарай экстремалдық жүгіруден RED BULL 400 халықаралық жарыс аяқталды.
-
«Самұрық-Қазына» қоры туралы аңыз бен ақиқат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі Қордың жұмысы туралы әртүрлі пікірге қатысты жауап ұсынды.
-
Шумахердің ұлы алғаш рет «Формула-2» жарысында жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 жастағы Мик Шумахер «Формула-2» жарысында жеңіске жетті. Бұл - оның карьерасындағы алғашқы жеңісі, деп хабарлады телеканал 360.
-
Тәжікстанда ұшақ апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамдық ұйымының 1978 жылы шыққан «АН-2» ұшағы Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» жаттығу полигонында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшырады.
-
Венесуэла билігі мен оппозиция арасында келіссөздің үшінші кезеңі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барбадос аралында Венесуэла билігі мен оппозиция арасында келіссөздің үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы осы елдің президенті Николас Мадуро мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы жақсы болады.
-
Еліміздің батысы мен шығысында ауа райы тұрақсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады - кей жерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Республиканың басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін.
Наверх